Білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен  дөңгелек үстел  өтті

Абай облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен қалалық білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен дін саласындағы өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары да қатысып, дін тақырыбындағы бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелде кәмелетке толмағандардың деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсіп қалмауының алдын алу жолдары, әлеуметтік желілердегі киберқауіпсіздік талаптарын сақтау, мектеп формасына қатысты бірыңғай талаптардың сақталуы, білім беру мекемелерінде діни әдебиеттердің таралуына жол бермеу секілді өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, қатысушыларға дін саласындағы қолданыстағы заңнамалар, мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдары туралы ақпараттар ұсынылып, білім беру мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған әдістемелік құралдар мен ұсынымдар берілді. Отырыс барысында дін саласындағы мамандармен кері байланыс орнап, бірқатар ұсыныстар ортаға салынды. Қатысушылар осындай форматтағы кездесулердің тұрақты өткізіліп тұруының маңыздылығын атап өтіп, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қажет екенін жеткізді. Жалпы отырысқа қаланың 54 жалпы білім беру мекемесі, 9 колледж қатысты.