Абай облысының дін істері басқармасы Бесқарағай ауданында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізді.
Кездесуге жұмыссыз азаматтар, қандастар және түрлі этнос өкілдері қатысты. Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Мақсат Ботақанов қатысушыларға діни сауаттылықты арттыру, зайырлылық қағидаттары, конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ деструктивті діни идеологиялардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қоғамдағы өзара құрмет пен толеранттылықты нығайтудың маңыздылығы айтылды.
Аталған бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өңірдің қала және аудандарында жүйелі түрде жалғасуда.