Меню

Страницы

Статья

Діни бірлестіктер

Бүгінгі таңда облыста 7 конфессияны білдіретін 178 діни бірлестік бар (Анықтама: 144– исламдық, 12 - православиелік, 5 - католиктік, 17 - протестанттық).

Өңірде 178 діни ғимарат бар (Анықтама: 144 - мешіт, 12 - православие шіркеуі, 5 - католик шіркеуі, 15 - протестанттық ғибадат үйі,  2 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі).

Өңірімізде конфессияаралық диалогты нығайту мақсатында Абай облысының дін істері басқармасымен келесі іс-шаралар атқарылды:

2025 жылы Абай облысында діни бірлестіктер басшылары Клубының 3 кезекті отырысы өткізілді. 

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Абай облысының әкімі Берік Уәлидің үндеуін қолдап өңірдің түрлі діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұжымы сенбілікке қатысып, қаланы тазартуға өз үлестерін қосты.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер арасындағы волейбол жарысы өтеді. Шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және конфессияаралық келісімді нығайту. Шараға Абай облысының діни бірлестіктер өкілдері қатысты.

Абай облысы дін істері басқармасымен діни бірлестіктер өкілдеріне өңіріміздің киелі орындарына ерекше экскурсия өткізілді. Бұл іс-шара ұлттық рухани мұраны дәріптеу мен конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

ҚР Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орай Абай облысы Дін істері басқармасы мен Абай облыстық орталық мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен діни бірлестік өкілдері арасында үстел теннисінен облыстық турнир өтті. 

Абай облысының дін істері басқармасы Рухани келісім күніне орай «Дінаралық диалог – ортақ құндылықтар мен бірлік жолы» тақырыбында облыстық форум ұйымдастырды. Форум аясында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне оқыту семинарлары, діни бірлестіктер басшылары арасында интеллектуалды ойындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, діни бірлестіктер басшылары Шәкәрім университетінің ауласына 20 түп шырша көшетін отырғызды.

Абай облысының дін істері басқармасымен өңір халқының діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Дін және дәстүр» екі күндік облыстық оқыту семинары ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстың барлық аудандарынан ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, білім беру мекемелерінің психологтары, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және мешіт имамдары 3 топқа бөлініп қатысты. Жалпы қатысушылар саны 150 адам. Семинарға арнайы шақырылған республикалық деңгейдегі дәріскерлер, «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті өкілдері, Семей қаласының дінтанушылары, тәжірибелі психологтар дәріс оқыды.

Дата публикации
27 мая 2025
Дата обновления
20 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

БАҚ үшін
05 октября 2026
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қызметкерлеріне семинар өткізілді.
28 сентября 2026
БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
БАҚ үшін
20 июня 2025
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі – бейбітшілікті, келісімді, төзімділікті, өзара құрметті дәріптейтін тұрақты халықаралық бастама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы