Абай облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл жұмыс Қазақстан патриотизмін тәрбиелеуге, Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға, конфессияаралық келісімді нығайтуға және діни радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған. Іс-шаралар Абай облысындағы орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында өткізіледі.
Жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті – мемлекеттің зайырлылық принциптерін түсіндіру, конфессияаралық бейбітшілік пен төзімділікті нығайтуға бағытталған. Бұл білімдер жастарда заңды сақтауға және құқық тәртібін дұрыс қабылдауды қалыптастыруға, сондай-ақ патриотизм мен азаматтық сананы нығайтуға көмектеседі.
Осындай іс-шаралардан кейін жастардың мемлекеттің зайырлылық принциптері және заңдарды сақтау маңызы туралы ақпарат деңгейінің артқаны байқалады. Бұл өз кезегінде дінге қатысты сұрақтарға жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді. Осындай іс-шаралар арқылы жастар түрлі діндер мен мәдениеттердің ерекшеліктерін білуге және түсінуге мүмкіндік алады, бұл әртүрлі халық топтарының бейбіт қатар өмір сүруіне, діни экстремизмнің қауіптілігін түсінуге және қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған әрекеттерді қабылдайды.
Абай облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандары жүргізіп жатқан жұмыс қоғамдық келісімді нығайту, жастарда дұрыс құндылықтарды қалыптастыру және көпконфессиялы ортада қоғамның тұрақты дамуы үшін жағдай жасау бойы нша маңызды қадам болып табылады.