Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, өзге де жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. Бұндай шара БҰҰ Конвенциясының 13 бабында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережені жүзеге асыратын бағыттарының бірі қоғамда сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілікті қалыптастыруды әрбір мемлекет-қатысушы азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға тиісті шаралар қабылдайды.
Қоғамда сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілікті қалыптастырудың жаңа тәсілдерін енгізу бойынша сарапатамалық ұсыныстар әлі де өзекті болып табылады. Бұған себеп азаматтық қоғамның құқықтық санасын күшейту және азаматтарға заңға, мемлекетке деген құрметтілікті бала кезінен тәрбиелеу, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру бойынша арнайы курсты енгізу ықпал етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің моральдық негіздерін талдау да маңызды болып келеді. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мінез-құлқынан жалпы бас тарту ғана тиімді нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.
Сыбайлас жемқорлықтың көрінісіне, әдетте, азаматтың игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу (мемлекеттік билік органдарының мемлекеттік функцияларды орындауы немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуі нәтижесінде) ол үшін басым тәртіппен мүдделілігі ықпал етеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деп қоғамның әл-ауқаты мен қауіпсіздігі үшін сыбайлас жемқорлықтың зияндылығы туралы білімді толық қамтитын тұлғаның сапасын түсінуге болады, бұл сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзгісі келмейтін, бұл құбылысты жоюға ұмтылатын адамның жағдайы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет — бұл сыбайлас жемқорлыққа қатысты белсенді азаматтық ұстанымды көрсетуге бағытталған белгілі бір құндылықтар мен қабілеттер. Әрбір адамның және жалпы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті азаматтық белсенділікті көрсетеді және құқықтарды, қауіпсіздікті және құқықтық қорғауды іске асыруға жәрдемдеседі.
Мәдениеттің бұл түрін қалыптастыру демократиялық құқықтық институттарды құрметтеуге, заңдылықты қатаң сақтауға әкеледі. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологиясы қоғамдық санада адамгершілік қасиеттерді, ұлттық құндылықтар мен халықтың өзін-өзі тануын қалыптастыруға бағытталуы қажет деп ойлаймын.
Қоғамдық сананы қалыптастыруда тәрбиенің рөлі маңызды , ал кез-келген тәрбиеде бірінші орынды отбасы алады. Бұл баланың дүниетанымын, оның әлеуметтік маңызды мәселелерге қатынасын қалыптастыратын отбасы. Отбасылық дәстүрлер мен мәдениеттің негізінде адамда көзқарастар, моральдық принциптер мен құндылықтар қалыптасады. Ерте жастан бастап баланың еңбекке деген құрметін қалыптастыру, адамгершілікке, жауапкершілікке, адалдық пен принциптілікке тәрбиелеу қажет. Баланың бойында осы қасиеттерді тәрбиелеу үшін ата-аналардың өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың белгілі бір ережелерін сақтауы керек. Сонымен, отбасы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады, әр отбасында күнделікті деңгейде ата-ана баласына сыбайлас жемқорлықтың кері әсерін түсіндіру қажет деп ойлаймын.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін келесі тетік – қоғамдық бақылау. Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл механизм тәуелсіздік, ашықтық, жариялылық, еріктілік сияқты қағидаттарға негізделген.
Қоғамдық бақылау субъектілері – Қазақстан Республикасының азаматтары және тіркелген коммерциялық емес ұйымдар жатады. 2023 жылы Қоғамдық бақылау туралы заң қабылданды, осы заңға сәйкес, қоғамдық бақылау қоғамдық талқылау, қоғамдық сараптама және қоғамдық мониторинг жүзеге асырылады. Олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудағы негізгі мақсаты қоғамдық пікірді қалыптастыру және оны билік пен халыққа жеткізу болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруда қазіргі уақытта маңызды роль атқарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру тетігі ретінде БАҚ тиімділігінің негізгі шарттары:
- өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер арқылы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мәселелерді жария етудегі БАҚ рөлін арттыру;
- сыбайлас жемқорлық жасаған кінәлі тұлғаларды, жүргізілген тергеу нәтижелерін БАҚ-та жариялау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың жоғарыда аталған тетіктері адамның кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністерінен әлеуметтік және психологиялық бас тартуын дамытуда маңызды рөл атқарады.