Бүгінгі таңда облыста 7 конфессияны білдіретін 175 діни бірлестік бар (анықтама: 141 – исламдық, 12 - православие, 5 - католик, 2 - Ехоба куәгерлері, 8 – Евангелист христиандар шіркеулерінің одағы – баптистер, 6 – Елуінші күндік шіркеулер, 1 – жетінші күн адвентистері).
175 діни ғимарат бар (анықтама: 141 - мешіт, 12 - православие шіркеуі, 5 - католик шіркеуі, 15 - протестанттық ғибадат үйі, 2 - Иегова куәгерлерінің ғибадат үйі).
Облыс аумағында 11 діни ғимараттың құрылысы жүріп жатыр.
Сонымен қатар, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған 27 үй-жай орналасқан.
Абай облысының аумағында миссионерлер тіркелмеген.
Абай облысының дін істері басқармасы, облысқа қарасты елді мекендерде орналасқан діни бірлестіктермен және дін өкілдерімен, сонымен қатар осы саладағы ұйымдармен тығыз байланыста.
Ағымдағы жылдың 7 қаңтарында «Рождество Христово» мерекесіне орай христиандар қауымдастығымен концерт ұйымдастарылды. Басқарма аталған іс шараға қатысып, христиан өкілдерін мерекемен құттықтады.
А.ж. 1-6 наурызында өңірдегі діни ахуалға мониторинг жүргізу мақсатында Мақаншы, Үржар, және Аягөз аудандарында жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудандардағы қалыптасқан ахуалды ескере отырып бірлескен іс-шараларды жоспарлап, мемлекеттік саясатты іске асыру бағыты талқыланды.
А. ж. 27 наурызында діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысын өткізу жоспарлануда. Отырыста қатысушылар дінаралық және конфессияаралық диалогты нығайту бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелерін талқылайтын болады.
Жалпы, облыс аумағындағы діни ахуалды бейбітшілік қалпында сақтау және діни экстремизм мен терроризмнің қауіпін, теріс діни ағымдардың тұрғындар арасында таралуының алдын алу мақсатында басқарма тарапынан мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Абай облысында 7 конфессияны білдіретін 175 діни бірлестік орналасқан.
Облыс аумағында орналасқан қала мен аудан әкімдіктері діни бірлестіктермен тығыз жұмыс атқаруда. Оның ішінде, діни бірлестік өкілдерінің әлеуметтік және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсене қатысуда.
Мемлекеттiк конфессионалдық қатынастар негiздерiн түсiндiру, дiни экстремизмнiң алдын алу, облыста құқықтық және дiни сауаттылықты арттыру мақсатында, құрамында 206 адам бар 13 дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсiндiру топтары мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары кешендi жұмыстарды жүргізуде.
Ақпараттық түсіндіру топтарының жұмысы нәтижесінде 2025 жылдың I-тоқсанында әр түрлі форматтағы 1061 іс-шара өткізіліп, оған 27 779 адам қатысты.
Есепті кезеңде діни экстремизмнің алдын алу мақсатында республикалық, жергілікті БАҚ-да және интернет-ресурстарында 2517 материал жарық көрді.
Сондай-ақ, интернет-кеңістіктің мониторингі барысында деструктивті сипаттағы 2963 материал анықталып, «КиберНадзор» республикалық жүйесіне еңгізілді.
«Контр» ақпараттық жүйесіне 48 түрлі материалдар енгізілді.
Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.
А.ж. I-тоқсаны бойынша дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық орын алған жоқ.
Қазіргі таңда, облыс аумағында проблемалық мәселелер тіркелмеген.
Жалпы, Абай облысындағы діни ахуал тұрақты. Діни негізде қақтығыстар байқалмады. Өңірде діни қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік ахуалды тұрақтандыруға, толерантты сананы қалыптастыруға, діни төзімділік негіздерін нығайтуға, әртүрлі ұлттар мен түрлі діндердегі адамдардың өзара түсіністігін нығайтуға ықпал етеді.
Қалыпты жағдайды сақтауда мемлекеттік органдардың дін саласындағы біріктіруші рөлі, діни бірлестіктер басшыларының дін саласындағы мемлекеттік саясатқа сындарлы ұстанымы басты рөл атқарды.