Бүгінгі таңда облыста 7 конфессияны білдіретін 178 діни бірлестік бар (Анықтама: 144– исламдық, 12 - православиелік, 5 - католиктік, 17 - протестанттық).
Өңірде 178 діни ғимарат бар (Анықтама: 144 - мешіт, 12 - православие шіркеуі, 5 - католик шіркеуі, 15 - протестанттық ғибадат үйі, 2 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі).
Өңірімізде конфессияаралық диалогты нығайту мақсатында Абай облысының дін істері басқармасымен келесі іс-шаралар атқарылды:
2025 жылы Абай облысында діни бірлестіктер басшылары Клубының 3 кезекті отырысы өткізілді.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Абай облысының әкімі Берік Уәлидің үндеуін қолдап өңірдің түрлі діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұжымы сенбілікке қатысып, қаланы тазартуға өз үлестерін қосты.
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер арасындағы волейбол жарысы өтеді. Шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және конфессияаралық келісімді нығайту. Шараға Абай облысының діни бірлестіктер өкілдері қатысты.
Абай облысы дін істері басқармасымен діни бірлестіктер өкілдеріне өңіріміздің киелі орындарына ерекше экскурсия өткізілді. Бұл іс-шара ұлттық рухани мұраны дәріптеу мен конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
ҚР Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орай Абай облысы Дін істері басқармасы мен Абай облыстық орталық мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен діни бірлестік өкілдері арасында үстел теннисінен облыстық турнир өтті.
Абай облысының дін істері басқармасы Рухани келісім күніне орай «Дінаралық диалог – ортақ құндылықтар мен бірлік жолы» тақырыбында облыстық форум ұйымдастырды. Форум аясында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне оқыту семинарлары, діни бірлестіктер басшылары арасында интеллектуалды ойындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, діни бірлестіктер басшылары Шәкәрім университетінің ауласына 20 түп шырша көшетін отырғызды.
Абай облысының дін істері басқармасымен өңір халқының діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Дін және дәстүр» екі күндік облыстық оқыту семинары ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстың барлық аудандарынан ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, білім беру мекемелерінің психологтары, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және мешіт имамдары 3 топқа бөлініп қатысты. Жалпы қатысушылар саны 150 адам. Семинарға арнайы шақырылған республикалық деңгейдегі дәріскерлер, «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті өкілдері, Семей қаласының дінтанушылары, тәжірибелі психологтар дәріс оқыды.
| ҚР Жер кодексінің 44 бабы 5 бөлігіне сәйкес, ғибадат үйін (құрылысжайын) салу үшін жер учаскесін беру оның құрылысы туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес берілген шешімі болған кезде жүргізіледі. Ғибадат үйлерді салуға шешімді беру тәртібі «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен реттеледі. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттармен қоса "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүгінеді. Талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы электронды анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, елдімекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж қауым саны (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметшісінің кандидатурасы көрсетілген); 3) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратын) салуға келісім беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі ғибадат үйі (ғимараты) аумағы бар жол (шектесетін тұрғын үйлер болған кезде, оның ішінде, егер шекаралардың арасында сервитут өтетін болса) ұсынылады. |
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағына сәйкес, құдайға құлшылық ету, діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдер үшін қажетті, сондай-ақ діни нышанның элементтері бар заттар, бұйымдар мен атрибуттар дiни мақсаттағы заттар болып табылады.
Осыған орай Заңның 6-бабына сәйкес, бұл заттар дінтану сараптамасының объектілеріне жататындықтан оларға дінтану сараптамасы жүргізіледі. Дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша заттың діни қатыстылығын анықтайтын хат дайындалады.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 1-тармағы және 8 тармағына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінгендігі және мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласпайтындығы көрсетілген. Осы Заңның 16 бабына сәйкес, діни бірлестік өз қызметін жарғының негізінде жүзеге асырады.
Осы орайда, діни бірлестіктердің өкілдері болып табылатын имамдарды қызметке тағайындау, ескерту, сөгіс жариялау, оларды орнында қалдыру және қызметінен босату мәселелері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфтидің тікелей құзыретіне жатады.