
"Цифрлық технологияларды жан-жақты енгізу.
Қазақстан цифрландыруда, әсіресе мемлекеттік қызметтер саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бірақ бұл одан әрі дамудың бастапқы нүктесі ғана. Өзін-өзі қамтамасыз ететін цифрлық экожүйені құру үшін сапалы мәліметтер мен оларды қорғаудың сенімді жүйесі түрінде берік негіз қажет.
Біздің елімізде жасанды интеллекттің дамуын жеделдету керек. Ағымдағы жылдың соңына дейін оның элементтерін электрондық үкімет жүйесіне біріктіру қажет. Бұл технологияны «Smart City» жобаларында кеңінен қолдануға ерекше назар аудару керек.
Адами капиталды дамытуға және жоғары оқу орындарының білім беруден ғылыми-зерттеу тәсіліне көшуіне бағытталған «AI-Sana» жасанды интеллектті оқыту бағдарламасы үлкен маңызға ие. Үкімет жасанды интеллект пен цифрландыруды қолданудың біртұтас жүйесін құруға тиіс.
Үкіметке мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жасанды интеллект құралдарын енгізуге кірісуді тапсырамын»
t.me/aqorda_resmi