«Арманыңды боя» атты бұл шараға 3 жастан 10 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Балалар 3D-принтерде жасалған, ұлттық стильдегі ойыншықтарды бояйды. Осы бояу байқауына қатысқан әрбір балаға арнайы сыйлық беріледі.
Бағдарламада түрлі байқаулар, анимациялық қойылымдар мен қызықты ойын-сауықтар қарастырылған.
Тіркеу сағат 9:00-де басталады, бояу байқауы сағат 10:00-де басталады.
Өтетін орны — Алихан Бөкейхан университетінің бас корпусы жағындағы Арбат.
Орын саны шектеулі, алдын ала келіп тіркелу ұсынылады.
Ойыншықтар — жергілікті өндіріс, Bekonai Toys студиясынан.
Ұйымдастырушылар: Алихан Бөкейхан университеті, Abai IT Valley, Oner 3D, Bekonai Toys.
Қолдаушылар: Абай облысының Цифрлық даму басқармасы, Абай облысының білім беру басқармасы, Abai Event, Sozlab Kids.
Бас демеуші: Home Credit Bank-тің Семей қаласындағы филиалы.
Отбасыларыңызды ертіп, балалармен бірге жарқын әсер мен қуанышқа толы күн өткізуге шақырамыз.