Меню

Страницы

Статья

Абай облысында елді мекендерді интернетпен және ұялы байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған 2025–2027 жылдарға арналған жоспар.

Көкпекті ауданындағы интернет және ұялы байланыс сапасы мәселесі бойынша жұмыс сапарымен Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абай Абзал Серікұлы, «Қазақтелеком» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының және ұялы байланыс операторларының өңірлік филиалдарының өкілдері ауданға келді.

Абзал Серікұлы мен Кожанбаев Адлет Нурсагатович Көкпеті ауданы әкімінің төрағалықтарымен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен сала өкілдерімен жұмыс жиналысы өтті. Жиын барысында Абзал Серікұлы Абай облысында елді мекендерді интернетпен және ұялы байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған                        2025–2027 жылдарға арналған жоспарларымен таныстырды.

Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдері өз ауылдарындағы интернет пен байланыс сапасына қатысты нақты проблемаларды атап өтті. Сала мамандары олардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша алдағы уақытта нақты жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Жиын қорытындысында Көкпекті, Теректі, Преображенка, Толағай, Биғаш, Шұғылбай, Тассай, Ақой және Қарамойыл ауылдарындағы байланыс сапасын арнайы тексеру арқылы жақсарту бағытында тиісті шаралар қабылданатыны мәлім болды.

Одан бөлек, «Қазақтелеком» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының өкілдері аудан орталығы Көкпекті ауылында осы жылдың қараша айына дейін «GPON» технологиясы бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін өткізілетін болатынын жеткізді. Нәтижесінде аталған интернет жылдамдығы - 150 Мбитс секундына дейін болатын болады. Бүгінгі күні интернет жылдамдығы - 8 Мбитс секундына дейін.

Интернет пен байланыс – заманауи өмірдің ажырамас бөлігі. Бұл бағытта алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады.

Дата публикации
15 мая 2025
Дата обновления
15 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

27 июля 2026
Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы
Хабарлама
08 июля 2025
Abai IT Valley-де 3D моделдеу курсы жалғасуда!
Ақпарат
08 июля 2025
Балаларға арналған робототехникадан жазғы марафон!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы