Цифрландыру адами капитал белсенді дамып жатқан, жаңа технологиялардың арқасында бизнестің тиімділігі мен жылдамдығы артып, азаматтар мен мемлекет арасындағы диалог қарапайым әрі ашық болатын жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаны құруға әкеледі.
Цифрлық технологияларды кеңінен енгізу өнімділіктің өсуін қамтамасыз ету және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде халықаралық нарықта да дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін береді. Еңбек өнімділігін арттыру үшін Индустрия 4.0 элементтері қолданылатын базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру жоспарлануда.
Цифрлық трансформация жаңа бизнес үлгілерінің, соның ішінде деректерге негізделген проактивті сервистің пайда болуына түрткі болып отыр. Қызмет провайдерлері өз тұтынушылары туралы неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым олар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызметтерді жеткізе отырып, соғұрлым жекелендірілген ұсыныстар жасай алады және тіпті тұтынушылардың өздері әлі білмеуі мүмкін қажеттіліктерді болжайды. Бұл транзакцияларды талдау негізінде белгілі бір қызметтің қажеттілігін болжайтын азаматтар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Цифрландыру барлық секторларға әсер етеді және шикізаттық емес салалардың әлеуетін әртараптандыру және ашу, стартаптық белсенділікті ынталандыру және "жаңа индустрияларды" ашу арқылы тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымын өзгертуге әкеледі. Бұл ретте әртүрлі салалардағы цифрлық технологиялардың ықпал ету дәрежесі біркелкі емес- құндылықты құрудың ең үлкен әлеуеті Қазақстан экономикасының дәстүрлі салалары, оның ішінде шикізат секторы шеңберінде болжанады, бірақ электрондық саудада, IT-секторда және қаржы индустриясында құндылықты құрудың түбегейлі жаңа мүмкіндіктері де ашылуда.