Абай облысында барлығы 326 елді мекен бар (4 қала және 322 ауыл). Бүгінгі таңда 322 ауылдық елді мекеннің 78% - ы, яғни 252 елді мекен Интернетке сымды және мобильді қолжетімділікпен қамтамасыз етілген (3G, 4G, ADSL, ТОБЖ, Спутник).
Абай облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп 2023 жылғы 26 мамырда Абай облысының елді мекендерінің интернет желісіне сапалы кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын бекітті.
Жол карта шеңберінде қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қаражаты, сондай-ақ өз қаражаты есебінен 23 АДҚ салу жоспарланды. Оның ішінде 15 АДҚ аяқталып, ал 4 АДҚ-сы «LC COMMERCE» ЖШС серіктесі Tele2 арқылы өз қаражат есебінен салынды. Қалған 8 АДҚ бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Спутниктік арналар ғарыштық байланыс жүйесі арқылы интернетпен қамтамасыз ету 32 ауылдық елді мекенде (АЕМ) жоспарланған. Оның ішінде 6 АЕМ «KazSat 3» ғарыштық байланыс интернетімен қамтамасыз етілген.
2025 жылдың қазан айынан бастап «OneWeb» спутниктік технологиясын пайдалана отырып, қалған 26 АЕМ-ді қосу жоспарлануда.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы 171 ауылдық елді мекенді Интернетке қосу жоспарлануда, бұл Абай облысын 2027 жылға қарай 96% - ға дейін интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.