Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы

2022 жылы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің №802 Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы және оны Іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді.

Стратегиялық құжатты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әзірледі және халықаралық стандарттарға, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарына негізделген.

Тұжырымдама сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрестен алғышарттарын жүйелі түрде жоюға және күшті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты иммунитетті қалыптастыруға.

Іс-қимыл жоспарында мынадай міндеттерді шешуге бағытталған тұжырымдама ережелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың нақты тізбесі көзделген:

1) сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмау;

3) жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру болып табылады.

 

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы
Дата публикации
27 мая 2025