Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптардың негізсіз көтерілуіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Іс-шаралар жоспарының ұсынымдары негізінде әкімшілік жұмыс бөлімінің басшысы жоспарлаудан бастап тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартын орындағанға дейін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын сақтау жөніндегі жұмыстарды бақылауға алды («Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы). Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімі Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын құжаттарды қамтиды. Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптардың заңдылығы, олардың негізділігі басқарма басшысының тұрақты бақылауында болады.

     Бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған Мемлекеттік сатып алу санын барынша азайту. Басқармада Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жасалған бірде-бір шарт жасасқан жоқ. Журналдарды сатып алуға өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден сатып алуды жүзеге асырудың нақты тәсілімен 1 шарт бар (сатып алуды жүзеге асырудың бастапқыда жоспарланған тәсілі - Баға ұсыныстарын сұрату). Мемлекеттік сатып алуды бәсекелестік тәсілдермен жоспарлау және жүзеге асыру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптардың негізсіз көтерілуіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі
Дата публикации
01 октября 2024