Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің бос лауазымына орналасуға әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың
ТІЗІМІ:
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 емханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, аурулардың профилактикасы, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және медициналық қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру.
Бас дәрігердің негізгі лауазымдық міндеттері:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары» 2-тарауының 1-параграфына (3-қосымша) және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабына сәйкес:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттау курсын бітіргені туралы біліктілікті арттыру (қайта даярлау) куәлігі және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік берілгені туралы куәлік (немесе сертификат);
Немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе EMBA / full-time (Фултайм) дәрежесі;
Немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе EMBA / full-time (Фултайм) дәрежесі;
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
Басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды электрондық түрде Кәсіпорынның pol_9-semey@mail.ru электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін кемінде бір сағат бұрын ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, кәсіби тәжірибесі, еңбек өтілі, кәсіби даярлық деңгейі, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жарияланымдары, бұрынғы жұмыс орнынан берілген ұсынымдары туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ өзінің кәсіби жетістіктерін растайтын өзге де құжаттарды ұсына алады.
Конкурс шарттары мен өткізілу мерзімдері:
Хабарландырудың жарияланған күні: 2026 жылғы 6 қазан.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 6 қазаннан бастап 2026 жылғы 21 қазанға дейін (қоса алғанда). Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурс (әңгімелесу) өткізілетін күн: 2026 жылғы 22 қазан сағат 14.00 ден 16.00 деін.
Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Стаханов көшесі, 17, 1-қабат.
Байланыс телефоны: 8 (7222) 31-52-97
Электрондық пошта: pol_9-semey@mail.ru
«Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ Байқау кеңесінің мүшелігіне конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Комиссия Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Бородулиха аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Абайоблысы, индексі 070400, Абай облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Федор Середин көшесі, 66, телефон:8(72351)2-13-63.
Конкурстың өтетін күні мен орны: 16 қазан 2026 жыл, Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 38 А, «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, 3-қабат, 307-кабинет.
Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын медициналық қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады: мамандандырылған медициналық көмек көрсету, жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Абай облысының халқын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекпен қамтамасыз ету, ересек тұрғындарға стационарлық көмек көрсету, медициналық реабилитология, калыбына келтіру емі, зертханалық және сәулелік диагностика, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қызмет.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің болуын қамтиды:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Байқау кеңесінің мүшесі ретінде мынадай тұлға сайланбайды:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Құжаттарды қабылдау мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.
Құжаттарды қабылдаудың басталатын күні – мерзімді баспасөз басылымында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күн.
Конкурс өткізілетін күн – конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі – кандидат) конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды, оның ішінде кәсіпорынның лауазымды тұлғаларына қатысты үлестестігі туралы мәліметтерді ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) ҚР Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдамаларды) ұсына алады.
Қатысушы конкурс өтінімінің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілеп, конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрлейді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;
2) «Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Бородулиха аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы», «2026 жылғы 15 қазан сағат 10:00-ге дейін ашуға болмайды» деген сөздерді қамтуы тиіс.
Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша конкурс комиссиясы талаптарға сәйкес келетін кандидаттарды іріктеуді жүргізеді, оларға сұхбаттасуға шақыру жіберіледі.
Конкурс өтінімі мына мекенжай бойынша жіберіледі: Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 38 А («Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ).
«Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің 2026 жылғы 24 тамыздағы №216-НҚ бұйрығымен Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің мүшесі лауазымына конкурсын өткізу туралы шешім қабылданды.
Конкурсты өткізу күні мен орны: 2026 жылғы 25 қыркүйек, Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 38 «А», 3-қабат, 307-кабинет, «Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы» ММ.
Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК, мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Мичурин көшесі, 140 «А», индексі 071404, телефоны 777-338.
Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын медициналық қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады: мамандандырылған медициналық көмек көрсету, жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Абай облысының халқын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекпен қамтамасыз ету, ересек тұрғындарға стационарлық көмек көрсету, медициналық реабилитология, калыбына келтіру емі, зертханалық және сәулелік диагностика, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қызмет.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің болуын қамтиды:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Байқау кеңесінің мүшесі ретінде мынадай тұлға сайланбайды:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Құжаттарды қабылдау мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.
Құжаттарды қабылдаудың басталатын күні – мерзімді баспасөз басылымында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күн.
Конкурс өткізілетін күн – конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі – кандидат) конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды, оның ішінде кәсіпорынның лауазымды тұлғаларына қатысты үлестестігі туралы мәліметтерді ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) ҚР Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарды, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдамаларды) ұсына алады.
Қатысушы конкурс өтінімінің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілеп, конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрлейді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;
2) «Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы», «2026 жылғы 25 қыркүйек сағат 10:00-ге дейін ашуға болмайды» деген сөздерді қамтуы тиіс.
Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша конкурс комиссиясы талаптарға сәйкес келетін кандидаттарды іріктеуді жүргізеді, оларға сұхбаттасуға шақыру жіберіледі.
Конкурс өтінімі мына мекенжай бойынша жіберіледі: Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 38 «А» («Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ).
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссиясы Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан жері:
071411, Абай облысы, Семей қаласы, Орманды көшесі, 32/1.
Телефондар: 8 (7222) 51-45-54, 8 (7222) 51-67-19.
Конкурс өткізілетін күні мен орны: 2026 жылы Абай облысы, Семей қаласы,
Қ. Мұхамедханов көшесі, 38 «А», Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ, 3-қабат, №307 кабинет.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні – Абай облысының халқына өмірге қауіп төндіретін жай-күйлерде, жазатайым оқиғалар кезінде, жіті ауыр аурулар болған жағдайда оқиға орнында, сондай-ақ медициналық ұйымға жеткізу жолында ересектер мен балаларға тәулік бойы жедел медициналық жәрдем көрсету.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңесінің мүшелігіне сайланатын адамдарға мынадай талаптар қойылады.
Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттың жоғары білімі болуы және төменде көрсетілген талаптардың кемінде біріне сәйкес келуі қажет:
Мынадай тұлға байқау кеңесінің мүшесі болып сайланбайды:
Құжаттарды қабылдау тәртібі
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады:
Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 38 «А», Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымында жарияланған күннен бастап есептеледі.
Конкурс құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі – кандидат) хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға, оның ішінде кәсіпорынның лауазымды адамдарына қатысты өзінің аффилиирленуі туралы мәліметтерді қоса бере отырып, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);
2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда);
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдары берген соттылығының жоқ екендігі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттар, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнынан берілген ұсыным хаттар және өзге де құжаттар) ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деген белгісі бар жеке конвертке салады. Конвертте кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және пошталық мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін көрсетілген конверт сыртқы конвертке салынып, мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) мерзімді баспасөз басылымындағы хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) жолдануға тиіс;
2) мынадай жазуды қамтуға тиіс: «Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс» және «2026 жылғы 3 қыркүйекке дейін ашуға болмайды» (конверттерді ашу күні мен уақыты конкурс туралы хабарландыруда көрсетіледі).
Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қарайды және бағалайды.
Бағалау қорытындылары бойынша конкурстық комиссия белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттарды іріктейді және оларды әңгімелесуге шақырады.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстық комиссия талаптарға сай келетін кандидаттарды іріктеп, оларға шақырту жолдайды.
Абай облысында ағза донорлығын дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті
📍 2026 жылғы 19 мамыр күні ШЖҚ «ЖМЖА» КМК базасында Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының, сондай-ақ дін өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Іс-шараға Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіттің имамы Сериков Қуаныш Файзоллаұлы және Абай облысы Семей қаласындағы Воскресенский кафедралды соборының кілт сақтаушысы, Семей шіркеу округінің благочинныйы протоиерей Роман Викторович Сычук қатысты.
Баяндама жасаған Абай облысының трансплантология бойынша үйлестірушісі Алибаева Галия Айтчановна:
«Қазақстандағы ағзалық донорлыққа діннің көзқарасы» тақырыбында сөз сөйледі.
Кеңес барысында діннің ағзалық донорлыққа көзқарасы, трансплантацияның рухани-адамгершілік аспектілері, сондай-ақ донорлықтың адам өмірін сақтап қалудағы маңызы талқыланды.
Қатысушылар халықтың ақпараттануын арттыру және ағзалық донорлық мәселелері бойынша дұрыс түсінік қалыптастыру мақсатында медицина қауымдастығы мен діни конфессиялар арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Абай облысында 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылдың I тоқсаны бойынша алқа отырысы өтті
2026 жылғы 30 сәуірде Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің 2025 жылғы қорытындылары мен 2026 жылдың I тоқсаны бойынша алқа отырысы өтті.
Отырыс Абай облысы әкімінің орынбасары Думан Рысбекұлы Оспановтың төрағалығымен өтті.
Алқа барысында саланың негізгі даму көрсеткіштері, оның ішінде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, кадрлық қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарды қаржыландыру, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.
Негізгі баяндамада облыстың денсаулық сақтау жүйесінің қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Өңірде 11 275 медицина қызметкері жұмыс істейтіні, оның ішінде 1 758 дәрігер және 5 255 орта медицина қызметкері бар екені атап өтілді. 2025 жылы 99 жас маман жұмысқа орналастырылды.
Қаржыландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Абай облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының деректеріне сәйкес, 2026 жылға медициналық қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 100,4 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда артқан.
Сонымен қатар, инфекциялық аурулар, туберкулез және профилактикалық екпелермен қамту көрсеткіштерін қамтитын эпидемиологиялық жағдай қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендетуге, сондай-ақ саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған басым міндеттер айқындалды.
Цифрлық медицина: Семейдегі №1 поликлиника қалай дамып келеді
№1 поликлиника (қала тұрғындарына бұрынғы атауымен – Орталық қалалық аурухана, ЦГБ ретінде белгілі) Абай облысының әкімшілік орталығындағы ең ескі емдеу мекемелерінің бірі болып табылады.
Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған БАҚ үшін пресс-тур барысында клиниканың жұмыс процесі таныстырылды. Аурухананың бас дәрігері Анатолий Ахунжанов клиникада цифрландыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
– Сіздерге Семейдегі ең ескі алдын алу-емдеу мекемелерінің бірі – №1 поликлиниканы таныстырамын. Поликлиникада бір ауысымда 750 адамды қабылдауға мүмкіндік бар, тіркелген азаматтар саны – 38 мың. Мұнда ересектер де, балалар да қызмет алады. Қазір біз тіркеу бөлімін жаңартып, QR-кодтар арқылы пайдалы ақпарат орналастырдық. Мұнда үш регистратор жұмыс істейді, қажет болған жағдайда қосымша мамандар да қосылады, – деді Анатолий Ахунжанов.
Сонымен қатар, ауруханада науқастарға қолдау көрсету қызметі тұрақты жұмыс істейді. Дәрігерлер науқастардың кез келген сұрағын шешуге дайын.
– Бірінші қабатта науқастарға қолдау көрсету қызметі орналасқан. Әр бөлім меңгерушісі, әр мейірбике кезекпен осы қызметте жұмыс істейді. Бұл көрсетілетін қызмет сапасын арттырды. Статистикаға сүйенсек, өтініштердің саны 30%-ға өсті. Олардың басым бөлігі – медициналық қызметкерлерге алғыс білдірулер, – деп қосты Анатолий Ахунжанов.
Пресс-тур барысында БАҚ өкілдері аурухана ғимаратын аралап, мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысып, медициналық персоналмен кездесті.
Поликлиника базасында флюорограф, жоғары технологиялық құралдар бар: GeneXpert, фиброскан, рентгендік маммограф, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық және басқа да зерттеулерге арналған аппаратар, ЭХО-кардиограф, ЭКГ аппаратар, Холтер, СМАД, сонымен қатар компьютерлік негіздегі биохимиялық, ИФА, иммуно-химиялық зерттеулер жүргізілетін лабораториялар.
Поликлиникада барлық түрдегі жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі: ауруларды ерте анықтау (скрининг), емдеу және пациенттерді реабилитациялау мақсатында профилактикалық қызметтер де бар.
Абай облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасында ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және халықпен өзара іс-қимылдың тиімділігін күшейтуге бағытталған Call-орталық ашылды.
Call-орталық медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін орталықтандырылған түрде қабылдайды, консультациялар мен түсіндірмелер береді, сондай-ақ өтініштерді бейінді бөлімшелерге жолдап, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Орталықтың іске қосылуы өтініштерге жедел әрекет ету деңгейін арттыруға және өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Call-орталықтың жұмыс кестесі:
Дс-Жм: 9:00 – 18:20
Сб-Жс: Демалыс
Ұялы телефон
+7 (701) 006 5195
Стационарлық телефон
+7 (7222) 550910
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.Н. Сапарғалиев Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұжымдарымен кездесу өткізіп, «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді, сондай-ақ адалдық қағидаттарын сақтау қажеттігін түсіндірді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, ашықтық пен заңдылық қағидаттарын ұстануы қоғам тарапынан туындайтын сыни көзқарастардың алдын алудың негізгі тетігі екенін атап өтті. Осы орайда, қызметтік тәртіпті сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен жауапкершілік таныту мемлекеттік қызметке деген сенімді арттыратынын жеткізді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу шаралары, ойын мекемелеріне барудан бас тарту талаптары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс салдары туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, қоғам тарапынан сын пікірлердің алдын алуға, сондай-ақ қоғамда ашықтық пен әділдік қағидаттарын ілгерілетуге бағытталды.