«Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі стратегиялық даму, цифрландыру, инновациялық технологиялар және инвестициялар бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Абай облысы денсаулық сақтау

басқармасының

2024 жылғы «___» ақпандағы

№ _____ бұйрығына

7 қосымша

 

 

«Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі

стратегиялық даму, цифрландыру, инновациялық технологиялар және инвестициялар бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
    • Стратегиялық даму, цифрландыру, инновациялық технологиялар және инвестициялар (бұдан әрі – Бөлім) «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады және басқарма басшысының және басшының стратегиялық даму және ұйымдастыру-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарының басшылығымен жұмыс істейді.
    • Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері, облыс әкімінің қаулылары мен өкімдері, Басқарма басшысының бұйрықтары, Басқарма туралы Ереже, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    • Құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат санының мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат саны шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

1.4. Бөлім құрамы:

1) Бөлім басшысы;

2) 1 бас маман;

3) 1 жетекші маман.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары

 

2.1. Бөлімнің негізгі міндеттері:

2.1.1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және денсаулық сақтаудың өңірлік бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету;

2.1.2. Денсаулық сақтау саласындағы стратегияны, мақсаттарды, басым бағыттарды әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу, басқарманың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын талдау, іске асыру мониторингі;

2.1.3. денсаулық сақтаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын іске асыру бойынша ақпарат дайындау;

2.1.4. Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруды ұйымдастыру және басқару;

2.1.5. Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру;

2.1.6. телемедицинаның жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

2.1.7. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саясатын анықтау;

2.1.8. медициналық ұйымдарды салу, материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша тиісті жұмыстарды орындау;

2.1.9. облыстың медициналық ұйымдарында инновациялық технологиялардың енгізілуін бақылау;

2.1.10. жобалық басқаруды іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау саласында инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізу;

2.1.11. Денсаулық сақтау объектілерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөнінде ақпарат дайындау;

2.1.12. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларын қалыптастыру;

2.1.14. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;

2.1.15. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының уақтылы мониторингін қамтамасыз ету;

2.1.16.  комиссия жұмысына, кеңестерге, семинарларға және өзге де іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімдігі басшылығының тапсырмалары бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, бұқаралық ақпарат, қорытындыларды, сондай-ақ жарияланымдар мен құралдарда сөз сөйлеу үшін материалдарды дайында;

2.1.17.  Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша облыс әкімдігіне, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдармен ұсынылған құжаттарды қарауды Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асыру;

2.1.18. басқару мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін материалдар дайындау;

2.1.19. мүдделер қақтығысын болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;

2.1.20. ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, мемлекеттік қызметшінің әдептілігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұзушылықтарды сақтау.

 

                                                   3.Бөлім құқықтары

Бөлім құқылы:

3.1. сыртқы ұйымдармен байланыс орнату;

3.2. Басқарма бөлімдерінен және басқа да мемлекеттік органдардан Бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін ақпарат сұрату және алу;

3.3.  басқарма басшысының қарауына Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;

3.4.  басқарма басшысының келісімі бойынша кеңестер өткізу;

3.5.  Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде басқарма басшысының сенімхаты бойынша соттарда және басқа органдарда басқарма мүдделерін білдіру.

 

  1. Міндеттері

 

4.1. мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерін сақтауын талап ету;

4.2. Басқармада Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

4.3. Бөлімнің құзыретіне жатқызылған Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

4.4. Бөлімнің құзыретіне жатқызылған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз ету.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

5.1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.

5.2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

5.3. Бөлім басшысы қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

5.4. Бөлім басшысы Бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстарды Басқарма басшысына ұсынады.

5.5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда - оның орынбасары қол қояды.

5.6. Бөлім басшысы басқарма басшысына өз мамандарын марапаттауға немесе көтермелеуге ұсынады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма басшысына бөлім мамандарына бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау немесе қолдану туралы өтініш бере алады.

 

 

 

  1. Жауапкершілік

 

6.1 Осы Ережеде көзделген Бөлімге жүктелген функциялардың орындалуына бөлім басшысы жауапты болады;

6.2. Бөлім мамандарының жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулықтармен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді;

6.3. Бөлім мамандары жауапты:

6.3.1. лауазымдық міндеттеріне сәйкес функцияларды уақтылы, адал және сапалы орындау;

6.3.2. атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау;

6.3.3. еңбекті ұтымды ұйымдастыру;

6.3.4. бөлім мен басқарманың материалдық-техникалық базасын тиісті тәртіппен ұстау;

6.3.5. Басқарма бөлімі мен ұжымында оңтайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету;

6.4. Бөлім мамандары өздерінің кәсіби және білікті деңгейлерін көтеру үшін үнемі жұмыс істейді.

 

  1. Өзгерістер мен толықтырулар

 

        Өндірістік қажеттілік жағдайында осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

Дата публикации
28 ноября 2024