Абай облысы денсаулық сақтау
басқармасының
2024 жылғы «___» ақпандағы
№ _____ бұйрығына
5 қосымша
«Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі
бухгалтерлік есеп бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1.2. Өз жұмысында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын, облыс әкімдігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы, өзге де нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, сондай-ақ осы нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
1.3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережелеріне сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізеді.
1.5. Бөлім құрамы:
1) Бөлім басшысы;
2) 2 бас маман;
3) Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бас маман.
2.1. Құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру;
2.2. Белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бюджет бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарлары бойынша ашық лимиттерге және олардың нысаналы мақсатына сәйкес қаражаттың дұрыс және тиімді жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау;
2.3. Қызметкерлерге жалақыны мерзімінде есептеу және төлеу;
2.4. Қаржыландыру жоспарын орындау барысында туындайтын есептеулерді уақтылы жүргізу.
2.5. Ақша қаражаттарын, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте көрсету;
2.6. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді, зейнетақы қорларына, әлеуметтік сақтандыруға жарналарды дұрыс есептеу және уақтылы аудару, берешек мерзімінде өтеу;
2.7. Сот және тергеу органдарына ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша материалдарды ресімдеу;
2.8. Бастапқы құжаттар, бухгалтерлік жазбалар негізінде дұрыс бухгалтерлік есептілікті жасау, оны тиісті органдарға белгіленген мерзімде ұсыну;
2.9. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын жүзеге асыру, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеу және мұрағатқа беру;
2.10. Басқарма мен ведомстволық бағынысты мекемелерді қаржыландыру бойынша Қазынашылықпен операциялар жүргізу;
2.11. Басқарма басшысын басқарманың өзі мен оған ведомстволық бағынысты мекемелердің өз міндеттерін жүзеге асырудағы қызметі туралы сенімді қаржылық есептерді жасау үшін, толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету.
2.12. Бастапқы құжаттаманы жасау және өңдеу:
2.12.1. барлық жүзеге асырылатын операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі;
2.12.2. Басқарманың қаржылық жағдайы туралы жедел ақпарат беру;
2.12.3. түсетін ақшалай қаражаттарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды және негізгі құралдарды толық есепке алу, сондай-ақ олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақтылы көрсету;
2.12.4. белгіленген мерзімде бухгалтерлік есептілікті жасау және ұсыну;
2.12.5. активтердің, құндылығы төмен және тез тозатын заттардың және оларды сақтау және пайдалану орындарындағы басқа да материалдық құндылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
2.12.6. Қазынашылық арқылы денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдарын қаржыландыру бойынша жұмыс жүргізу;
2.12.7. бухгалтерлік қызметтердің құзыретіне жататын есепке алу және есеп беру мәселелері бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқаулықтарды, басқа да нормативтік құжаттарды жүйелі есепке алуды жүзеге асыру;
2.13. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2.14. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу мониторингі;
2.15. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау;
2.16. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын дайындау және жасау;
2.17. Республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу;
2.18. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманы дайындау;
2.19. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
2.20. Амбулаториялық-емханалық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімімен бірлесіп, тұтынуды талдау, болжау және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған нормативтер мен өтінімдерді қалыптастыру бойынша жұмыс жасау.
Бөлім құқығы:
3.1. операцияларды ресімдеу және бухгалтерияға ұсыну тәртібі бөлігінде мекемелердің барлық бөлімдері бөлімшелері (қызметтері) үшін міндетті болып табылатын қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап ету;
3.2. меншік нысанына қарамастан, медициналық мекемелердің мамандары мен басшыларынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен облыс әкімдігі үшін Бөлімнің жұмысына қажетті ақпаратты және өзге де анықтамалық материалды сұрату;
3.3. Бөлімнің жұмысына қажетті құжаттарды басқа бөлімдерден уақтылы алу;
3.4. Басқарма басшысымен және оның орынбасарларымен келісім бойынша шұғыл араласуды талап ететін мәселелерді қарауға енгізу;
3.5. бұзушылықтар мен қызметтік бабын асыра пайдаланған, кәсіби әдеп нормаларын бұзған адамдарды көтермелеу, марапаттау, сондай-ақ тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар еңгізу.
4.1. мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерін сақтауын талап ету;
4.2. Басқармада Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
4.3. Бөлімнің құзыретіне жатқызылған Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
4.4. Бөлімнің құзыретіне жатқызылған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз ету.
5.1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
5.2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
5.3. Бөлім басшысы Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
5.4. Бөлім (штат) – 4 бірлік. Бөлімнің бас мамандарын бөлім басшысының ұсынысы бойынша басқарма басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
5.5. Бөлім қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөлуді бөлім басшысы жүзеге асырады.
5.6. Бөлім басшысы өз мамандарын Басқарма басшысына марапаттау немесе көтермелеу үшін ұсынады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма басшысына бөлім мамандарына бұрын қолданылған тәртіптік жазаны қолдану немесе алып тастау туралы өтініш бере алады.
6.1 Осы Ережеде көзделген Бөлімге жүктелген функциялардың орындалуына бөлім басшысы жауапты болады;
6.2. Бөлім мамандарының жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулықтармен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді;
6.3. Бөлім мамандары жауапты:
6.3.1. лауазымдық міндеттеріне сәйкес функцияларды уақтылы, адал және сапалы орындау;
6.3.2. атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау;
6.3.3. еңбекті ұтымды ұйымдастыру;
6.3.4. бөлім мен басқарманың материалдық-техникалық базасын тиісті тәртіппен ұстау;
6.3.5. Басқарма бөлімі мен ұжымында оңтайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету;
6.4. Бөлім мамандары өздерінің кәсіби және білікті деңгейлерін көтеру үшін үнемі жұмыс істейді.
Өндірістік қажеттілік жағдайында осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.