Абай облысы денсаулық сақтау
басқармасының
2024 жылғы «___» ақпандағы
№ _____ бұйрығына
4 қосымша
«Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
экономикалық жоспарлау және бюджет бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1.1. Денсаулық сақтау саласындағы персоналды басқару және кадрлық мониторинг (бұдан әрі – Бөлім) «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады басқарма басшысына және басшының стратегиялық даму және ұйымдастыру-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және өзге де заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері, облыс әкімінің қаулылары мен өкімдері, Басқарма басшысының өкімдері, Басқарма туралы Ереже, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Облыстың денсаулық сақтау саласын өңірлік перспективалық дамытуды және оның орындалуына мониторингті әзірлеуді жүзеге асырады.
1.4 Құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат санының мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат саны шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
1.5. Бөлім құрамы:
1) Бөлім басшысы;
2) 5 бас маман.
2.1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады:
2.1.1. облыстың денсаулық сақтау бюджетін дайындау және жасау, оны түзету;
2.1.2. бюджеттік бағдарламаларды дайындау және оларға өзгерістер енгізу;
2.1.3. Облыстың ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарын қаржыландыру бойынша бөлуді дайындау;
2.1.4. республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау;
2.1.5. республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді игеру мониторингі;
2.1.6. ақылы қызметтерге тарифтерді тексеру және ақылы қызметтерге баға прейскуранттарын бекіту;
2.1.7. медициналық ұйымдардың төлем мониторингі, штаттық кестелер мен тарифтік тізімдерді тексеру, жалақы бойынша есептеулерді орындау;
2.1.8. құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуын әзірлеу және мониторингілеу;
2.1.9. жоғары тұрған ұйымдарға есептілік нысандарын жинау, жинақтау және ұсыну;
2.1.10. күрделі шығындарды жоспарлау, талдау, қаржыландыру;
2.1.11. бақылау хаттары мен өтініштерге жауаптар дайындау;
2.1.12. мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының мониторингі;
2.1.13. инвестициялық жобаларды әзірлеу және олардың орындалуына мониторинг жүргізу.
Бөлім құқылы:
3.1. бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау және тиімді пайдалану мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін бақылау;
3.2. белгіленген тәртіппен емдеу мекемелерін директивалық құжаттардың орындалуы бойынша тексеруді жүзеге асыру;
3.3. медициналық ведомстволық бағынысты мекемелердің мамандары мен басшыларынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен облыс әкімдігі үшін Бөлімнің жұмысына қажетті ақпаратты, анықтамалық материалды сұрату;
3.4. Бөлімнің жұмысына қажетті құжаттарды басқа бөлімдерден уақтылы алу;
3.5. басқарма басшысының және оның орынбасарларының келісімі бойынша жедел араласуды талап ететін мәселелерді қарауға еңгізуге;
3.6. қызметтік жағдайды бұзуға және теріс пайдалануға, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген адамдарды көтермелеу, марапаттау туралы ұсыныстар, сондай-ақ тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар еңгізуге.
4.1. мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерін сақтауын талап ету;
4.2. Басқармада Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
4.3. Бөлімнің құзыретіне жатқызылған Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
4.4. Бөлімнің құзыретіне жатқызылған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз ету.
5.1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
5.2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
5.3. Бөлім басшысы қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
5.4. Бөлім басшысы Бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстарды Басқарма басшысына ұсынады.
5.5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда - оның орынбасары қол қояды.
5.6. Бөлім басшысы басқарма басшысына өз мамандарын марапаттауға немесе көтермелеуге ұсынады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма басшысына бөлім мамандарына бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау немесе қолдану туралы өтініш бере алады.
6.1 Осы Ережеде көзделген Бөлімге жүктелген функциялардың орындалуына бөлім басшысы жауапты болады.
6.2. Бөлім мамандарының жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулықтармен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
6.3. Бөлім мамандары жауапты:
6.3.1. лауазымдық міндеттеріне сәйкес функцияларды уақтылы, адал және сапалы орындау;
6.3.2. атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау;
6.3.3. еңбекті ұтымды ұйымдастыру;
6.3.4. бөлім мен басқарманың материалдық-техникалық базасын тиісті тәртіппен ұстау;
6.3.5. Басқарма бөлімі мен ұжымында оңтайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.
6.4. Бөлім мамандары өздерінің кәсіби және білікті деңгейлерін көтеру үшін үнемі жұмыс істейді.
Өндірістік қажеттілік жағдайында осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.