Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының
2024 жылғы «___» ақпандағы
№ _____ бұйрығына
6 қосымша
«Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
денсаулық сақтау саласындағы персоналды басқару және кадрлық мониторинг бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1.1. Денсаулық сақтау саласындағы персоналды басқару және кадрлық мониторинг (бұдан әрі – Бөлім) «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады және Басқарма басшысының басшылығымен жұмыс істейді.
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және өзге де заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері, облыс әкімінің қаулылары мен өкімдері, Басқарма басшысының өкімдері, Басқарма туралы Ереже, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат санының мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат саны шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
1.4. Бөлім құрамы:
1) Бөлім басшысы;
2) Денсаулық сақтаудағы персоналды басқару және кадр ресурстарын мониторингілеу бөлімі бас маманы;
3) Денсаулық сақтау басқармасы персоналды басқару және медициналық ұйымдарының кадр ресурстарын мониторингілеу бөлімінің бас маманы.
2.1. Мақсаты: ведомстволық бағынысты ұйымдардың персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
Функциялары:
1) Абай облысында денсаулық сақтау саласындағы адам ресурстарын басқарудың өңірлік саясатын әзірлеу және іске асыру;
2) ведомстволық бағынысты ұйымдардың персоналына мониторинг жүргізу, кадрлық есепке алуды жүргізу.
3) кадр мәселелері жөніндегі тәртіптік, аттестаттау және басқа да комисиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) облыстағы медициналық ұйымдардың басшыларын тағайындауға кандидаттарды келісуді ұйымдастыру;
5) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен басшының орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату рәсімдерін ұйымдастыру;
6) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерiнiң кадрлар есебiн ұйымдастыру және жүргiзу.
2.2. Міндеті: Басқарманың персоналды басқарудың біртұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметтің өтуін қамтамасыз ету.
Функциялары:
2.3. Мақсаты: Басқармада корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық жұмыс климатын дамыту.
Функциялары:
Бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында және еңбек заңнамасында айқындалған персоналды басқару жөніндегі өзге де міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады.
Басқармаға оның қызметіне әдеттен тыс қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
Бөлім құқылы:
3.1. Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты ұйымдардан өзіне Заңмен және осы нормативтік құқықтық актімен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
3.2. мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
3.3. Басқармаға жүктелген міндеттерді шешу, сондай-ақ Басқарма қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды Басқарма басшылығының қарауына енгізу;
3.4. Басқарманың жұмысына және қызметін жоспарлауға қатысуға;
3.5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңнамасында және еңбек заңнамасында айқындалатын персоналды басқару жөніндегі өзге де міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады.
4.1. мемлекеттiк қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтауын талап етуге;
4.2. Басқарманың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүзеге асыруын қамтамасыз етеді;
4.3. Бөлімнің құзыретіне жататын Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
4.4. Бөлімнің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді.
5.1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
5.2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
5.3. Бөлім басшысы қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
5.4. Бөлім басшысы Бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстарды Басқарма басшысына ұсынады.
5.5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда - оның орынбасары қол қояды.
5.6. Бөлім басшысы басқарма басшысына өз мамандарын марапаттауға немесе көтермелеуге ұсынады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма басшысына бөлім мамандарына бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау немесе қолдану туралы өтініш бере алады.
6.1 осы Ережеде көзделген Бөлімге жүктелген функциялардың орындалуына Бөлім басшысы жауапты болады.
6.2. Бөлім мамандарының жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулықтармен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
6.3. Бөлім мамандары жауапты:
6.3.1. лауазымдық міндеттеріне сәйкес функцияларды уақтылы, адал және сапалы орындау;
6.3.2. атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау;
6.3.3. еңбекті ұтымды ұйымдастыру;
6.3.4. Бөлім мен Басқарманың материалдық-техникалық базасын тиісті тәртіппен ұстау;
6.3.5. Бөлім мен басқару ұжымында оңтайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.
6.4. Бөлім мамандары өздерінің кәсіби және білікті деңгейлерін көтеру үшін үнемі жұмыс істейді.
Өндірістік қажеттілік жағдайында осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.