Абай облысы денсаулық сақтау
басқармасының
2024 жылғы «___» ақпандағы
№ _____ бұйрығына
2 қосымша
«Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі
ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1.4. Бөлім құрамы:
1) Бөлім басшысы;
2) 3 бас маман;
3) жетекші маман.
2.1. Бөлімнің негізгі міндеттері:
2.1.1. меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдарда ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнаманың орындалуына әдістемелік басшылық пен бақылауды ұйымдастыру;
2.1.2. облыстың медициналық ұйымдарында жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, босанған әйелдерге және балаларға репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмекті, білікті және мамандандырылған көмекті ұйымдастыруды жақсартуға және деңгейін арттыруға бағытталған шараларды енгізу және жүзеге асыру;
2.1.3. жоғары тұрған органдарды қажетті ағымдағы және жедел ақпаратпен қамтамасыз ету;
2.1.4. ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды әзірлеу және мониторингілеу бойынша жұмыстарды жүргізу.
2.2. Бөлімнің негізгі функциялары:
2.2.1. облыстағы медициналық ұйымдарға ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
2.2.2. облыстағы медициналық ұйымдардың басшыларымен және мамандарымен ана мен бала мәселелері бойынша консультациялар, кездесулерді ұйымдастыру және қатысу;
2.2.3. ана мен бала мәселелері бойынша облыстағы медициналық ұйымдармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
2.2.4. денсаулық сақтау мекемелеріндегі акушерлік, гинекологиялық, неонаталдық және педиатриялық қызметтерді үйлестіру;
2.2.5. негізгі штаттан тыс мамандардың (акушер-гинеколог, балалар гинекологы, акушерка, генетик, сонолог, неонатолог, педиатр қызметін бақылау;
2.2.6. нәресте өлімін азайтуға және ана өлімінің алдын алуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
2.2.7. жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, босанған әйелдерге және балаларға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ету;
2.2.8. акушерлік-гинекология, педиатрия және неонатологияда профилактиканың, диагностиканың және емдеудің жаңа әдістерін тәжірибеге енгізуді бақылау;
2.2.9. жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және балаларды жоғары мамандандырылған көмекке іріктеу мен жіберуді бақылауды жүзеге асыру;
2.2.10. кәмелетке толмағандардың істері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
2.2.11. экстракорпоралды ұрықтандыруға ерлі-зайыптыларды таңдауға және жіберуге бақылауды жүзеге асыру;
2.2.12. әйелдер мен балалардың скринингтік зерттеулерінің орындалуын бақылау;
2.2.13. облыста балалар мен жүкті әйелдерді иммундау, ауа-тамшылы инфекциялары бойынша ұйымдастыру-әдістемелік іс-шараларды жүзеге асыру;
2.2.14. мамандарға ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстағы акушерлік, балалық және алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына бару;
2.2.15. бөлім қызметінің бағыттары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
2.2.16. әйелдер мен жасөспірім қыздарға акушерлік-гинекологиялық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыру;
2.2.17. ауыр жағдайдағы жүкті әйелдердің жағдайын бақылау, ауыр науқастар мен балалар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне беру;
2.2.18. акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық қызметтер бойынша ақпарат жинау, статистикалық мәліметтерді жинақтау және талдау;
2.2.19. нәрестелер мен ана өлімін азайту жөніндегі облыстық және республикалық штабтардың нұсқауларын орындау үшін материал дайындау және жауап беру;
2.2.20. ана мен бала өлімі фактілерін анықтауда ұйымдық-әдістемелік көмек көрсету, қызметтік тергеу жүргізу мақсатында облыстың медициналық ұйымдарына бару;
2.2.21. мемлекеттік Бағдарлама көрсеткіштерінің орындалуын бақылау;
2.2.22. облыстағы балаларды вакцинациялауды жоспарлауды жүзеге асыру және оның орындалуын одан әрі бақылау;
2.2.23. вакцинамен басқарылатын инфекциялардың динамикасына эпидемиологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу, эпидемиологиялық процестерге оперативті және ретроспективті талдаулар жүргізу. Вакцинациядан кейінгі асқыну (ВКА) жағдайларының себептерін анықтау, жағдайды талдау және иммундау кезінде жіберілген қателерді жою;
2.2.24. басшылардың бұйрықтары мен тапсырмаларын, жоғары тұрған органдардың және лауазымды адамдардың өз өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындау;
2.2.25. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен ана мен бала денсаулығы мәселелері бойынша хат алмасу;
2.2.26. Жастар денсаулық орталықтарының жұмысын үйлестіреді;
2.2.27. бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын тексеруді жүзеге асырады;
2.2.28 амбулаториялық-емханалық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімімен, мемлекеттік сатып алу маманымен бірлесіп, педиатрия, акушерлік және гинекология саласындағы дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету стандарттары мен өтінімдерін талдау, тұтынуды болжау және қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
2.2.29. балаларды республикалық және шетелдік медициналық клиникаларға емдеуге жіберу, курорттық емдеу мәселелерін қарайды.
2.2.30. құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін материалдар дайындау;
2.2.31. мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
2.2.32. ішкі еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ережелерін сақтау.
Бөлім құқығы:
3.1. сыртқы ұйымдармен байланыс орнату;
3.2. Бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінен және басқа да мемлекеттік органдардан ақпарат сұрату және алу;
3.3. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды Басқарма басшысының қарауына енгізу;
3.4. Басқарма басшысымен келісім бойынша кеңестер өткізу;
3.5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде басқарма басшысының сенімхаты бойынша соттарда және басқа органдарда басқарманың мүддесін білдіреді.
4.1. мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерін сақтауын талап етуге;
4.2. Басқарманың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;
4.3. Бөлімнің құзыретіне жататын Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің және Үкіметінің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
4.4. Басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз ету.
5.1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
5.2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
5.3. Бөлім басшысы қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
5.4. Бөлім басшысы Бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстарды Басқарма басшысына ұсынады.
5.5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда - оның орынбасары қол қояды.
5.6. Бөлім басшысы басқарма басшысына өз мамандарын марапаттауға немесе көтермелеуге ұсынады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма басшысына бөлім мамандарына бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау немесе қолдану туралы өтініш бере алады.
6.1 Бөлім басшысы Бөлімге жүктелген және осы Ережеде көзделген функциялардың орындалуына жауапты болады;
6.2. Бөлім мамандарының жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулықтармен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді;
6.3. Бөлім мамандары жауапты:
6.3.1. қызметтік міндеттеріне сәйкес функцияларды уақтылы, адал және сапалы орындау;
6.3.2. атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау;
6.3.3. еңбекті ұтымды ұйымдастыру;
6.3.4. Басқарма мен Бөлімнің материалдық-техникалық базасын тиісті тәртіпте ұстау;
6.3.5. Бөлім және басшылық ұжымда оңтайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету;
6.4. Бөлім мамандары өздерінің кәсіби және біліктілік деңгейін арттыру үшін үнемі жұмыс жасайды.
Өндірістік қажеттілік жағдайында осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.