Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 7 емханасы» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесін енгізу және бақылау кеңесінің мүшелеріне конкурс өткізу туралы хабарландыру

Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 59 «Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы» қаулысын орындау мақсатында және Ұлттық экономика министрінің «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының нормаларын ескере отырып, «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 7 емханасы» ШЖҚ КМК-да байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеуді өткізеді: мекенжайы (заңды және пошталық мекенжайы). индекс: 071400, Абай облысы, Семей қ., Шәкәрім д-лы 2Б, телефон: 8 (7222) 55-08-86.

Денсаулық сақтау саласында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы Бақылау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар жоғарғы білімнің болуы, сондай-ақ төмендегі талаптардың бірі болуы керек:

1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымдастыру және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы;

 3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) кәсіпкерлік және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

Бақылау кеңесінің мүшесі ретінде мына тұлғалар сайлана алмайды:

      1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;

      2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаны басқарған адам;

      3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқығына бұзушылық жасаған;

       4) бақылау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық қатынастардағы адам.

Құжаттарды қабылдау мерзімді конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (ерікті нысанда);

    2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі резюме;

      3) автобиография (ерікті нысанда);

      4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) жоғарғы білімі туралы құжаттың көшірмесі;

Дата публикации
25 ноября 2022