Хабарландыру
медициналық техниканы әлеуетті өнім берушілерден (сатушылардан) ұсыныстар жинау туралы
«Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Басқарма) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 72 «Медициналық техниканы лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес осы хабарландыруға қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес медициналық техниканы әлеуетті өнім берушілерден (сатушылардан) ұсыныстар жинауды жариялайды.
Лизинг шартының қолданылу мерзімі: 37 ай, 2027–2029 жылдар кезеңіне.
Осы хабарландыруға мынадай құжаттар қоса беріледі:
Медициналық техниканы лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын айқындау қағидаларының 6-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер (сатушылар) осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Басқармаға медициналық техниканы жеткізу бойынша ұсыныстарын мынадай мәліметтерді көрсете отырып ұсынуы қажет:
Ұсыныстар мен құжаттарды ұсыну мекенжайы:
«Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Абай облысы, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі, 38А үй,
2-қабат, нөмірсіз кабинет,
Экономика және қаржы бөлімі.
Электрондық пошта:
ekonom_obl_zdrav_abai@mail.ru