Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
zh.sabitov@akimatabai.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Сәбитов Жасұлан Төлеуқанұлы
Басшының стратегиялық даму және ұйымдастыру-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары
Общая информация, образование

Жасұлан Төлеуқанұлы Сәбитов 1974 жылғы 6 қарашада Абай облысы Жарма ауданының Жарық ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша білім алған. Экономика және бизнес магистрі дәрежесі берілді.

Карьера

Еңбек жолын 1991 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының биофизикалық химия кафедрасында зертханашы қызметінен бастады.

1999–2010 жылдары Семей қаласының медициналық ұйымдарында, оның ішінде Семей қаласының тері-венерологиялық диспансерінде дерматовенеролог дәрігері қызметін атқарды.

2010–2016 жылдары Семей қаласының тері-венерологиялық диспансерінің стационарындағы дерматовенерологиялық бөлімшенің меңгерушісі қызметін атқарды. 2016 жылы диспансер директорының міндетін уақытша атқарушы болды.

2016–2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының тері-венерологиялық диспансері» ШЖҚ КМК директоры қызметін атқарды.

2021–2024 жылдары Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының №1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2024 жылдың мамыр айынан бастап Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының стратегиялық даму және ұйымдастыру-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарды.

2024 жылғы 23 тамыздан бастап Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының стратегиялық даму және ұйымдастыру-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы