РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ!

Абай облысының өңірлік гимнін жазуға арналған

«ҰЛЫЛАР ЕЛІ » атты әнші,компазиторлар байқауына арналған

АҚПАРАТ

 

№

Киелі орындармен көрікті жерлердің атауы

Қысқаша ақпарат

Қолданылатын сөз тіркестері

Қосымша

1

Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы

Музейдің негізі 1940 жылы қаланған. Қазіргі таңда қазақ халқының бірегей тұлғаларына арналған Семей қаласы және Абай облысының, Абай, Үржар аудандарында орналасқан 8 музейді біріктірген рухани орда – ел мақтанышына айналған.

 

Жер кіндігі – Жидебай

 

Абай, Шәкәрім жатқан жер

 

Ұлы Абай есімімен байланыс

2

Қоңыр Әулие

Аты аңызға айналған Қоңыр әулие үңгірі ежелден ел қастерлейтін киелі орын. Түрлі аңыздар да баршылық. Тарихи деректерде Абылай хан Қаракерей Қабанбай батырға Дарабоз атағын осы жердегі шайқаста берген. Бүгінгі таңда бұл жер туристердің көп келетін орнына айналған

 

Табиғаттың берген сиы біздерге

 

Суың сенің шынықтырар денені

Орналасқан жері Шыңғыстау сілемі болғандықтан, осы өңірдің табиғи ерекшеліктері мен тарихи оқиғаларын қамтыға болады

3

Алакөл

Абай облысының шипалы аймағы. Алакөл суының емдік қасиетінің даңқы халықаралық деңгейде. Кеңес заманында космонавтардың арнайы тынығу орны болған.  Минералды қоспаларға бай су айдынынан Шыңғыс хан жасақтары да қуат алған деген аңыз бар

 

Алакөл айдынына құмар қанбас

 

Даңқына алакөлдің елім қанық

Басымдық туризм тақырыбын дамытуға ықпалды болғаны жөн

4

Елеке сазы

Біздің заманымызға дейінгі 8-7 және 4-3 ғасырлардағы ел билеушілер жерленген қорымдар мекені. «Түрік қағаны», «Сақ жауынгері» деп аталған алтын адамдар табылған жер. Елеке сазы алқабында мұндай көне қорымдар көп ораналасқан. Бұл біздің түпкі тарихымызбен байланысты құндылық.

Тамыры тарихымның сенде жатыр

 

Көне дәуір келбетін сеннен көрдім

Абай облысындағы ерекше және ең көне қорым. Ерте дәуірдегі өркениеттің үлкен үлгісі осы жерден бастау алған.

Осы мазмұн ескерілсе.

5

Бөрітостаған

Бөрітостаған – Ақсуат ауданының жазық даласында жеке-дара тұрған алып тас. Биіктігі 50, ені 10 метр. Ұзындығы мөлшермен 300 метр. Зертеушілердің болжамынша ерте заман метеориті болуы мүмкін. Табиғаттың ғажайып көрінісі.

 

 

Тылсымға толы табиғат

Облыстағы айрықша табиғи ескерткіштің бірі.

6

Толағай

Толағай тауы Көкпекті жерінде, биіктігі 985 метр. Аңыз бойынша елін қуаңшылықтан құтқарам деген батыр жаңбыр тартатын таудың бірін осы жерге көтеріп әкелген. Өңірдегі киелі орындардың бірі болып есептеледі.

Жаңбырлы тауы даламның

 

Толағайдай батырлар елдің бағы

Аңыздың түбі ақиқат дегендей ертегідегі айтылатын Толағай оқиғасы да біздің облыстың аумағында орын алған

7

Ырғызбай әулие

Ырғызбай әулие – Абай облысының киелі жерлер тізіміне енген қасиетті орын. 19 ғасыр сәулет өнеріне жататын кесене тарихи-мәдени ескерткішке жатады. Аруақты атаның рухына тағзым етіп келушілер саны жыл сайын көбейе түсуде.

 

Еліне ырыс болған Ырғыз баба

 

 

Абайдың әкесі Құнанбайды емдегендігі туралы деректер бар. Кезіндегі заман қанша ұмыттыруға тырысса да ұрпақтарының түсіне аян болып кіріп, бүгінде жалпықалықтың тағзым орынына айналған

8

Қозы Көрпеш-Баян сұлу

Махаббат символына айналған Қозы мен Баянның мәңгілік мекені – Агөздің Таңсық ауылы. Қос ғашыққа арналған жыр нұсқалары 15 ғасыр бұрын пайда болған. Лиро-эпостық жыр әлемдік туындылармен терезелес шығарма. Тарих зерттеушілерін таң қалдырып келе жатқан ерекше орын.

 

Бабалар махаббаты

 

 

Ғасырлардан аттап өткен ғашықтық

Арада 1500 жылдан артық уақыт өтседе халықпен бірге жасап келе жатқан махаббат символы

9

Еңлік-кебек

Қазақтың аты аңызға айналған махаббат хикаясы — Еңлік пен Кебекке арналып қойылған монумент.  Бұл ескерткіш те халық жүрегіндегі орынға айналған, әсіресе жастар үшін рухани мәні зор

 

Жастардың жүрегінде бүр жарып тұр

Екі елді араздастыруға алып келген ғашықтар оқиғсына қойлған белгі

10

Бөрілі

Мұнда Мұхтар Әуезов музейі, оның шығармашылығы мен өмірі туралы көптеген жәдігерлер сақталған.

Бұл орын қазақ әдебиеті мен руханияты үшін ерекше киелі орын ретінде қабылданады.

 

Қоңыр дала,

Қоңыр бала,

Қоңыр кеш.

 

«Мұңлы қоңыр туған анам, туған жерім – Бөрілі» деген Мұхтар Әуезов сөзімен байланыстыру керек

11

Қасқабұлақ

Сырт Қасқабұлақ – Абай Құнанбайұлының кіндік қаны тамған жер. Жидебайды бетке алған жолаушылар бұрылып, бұлақ суынан дәм татуды дағдыға айнадырған.

Ұлы Абайдың кіндік қаны тамған жер

Ұлы ақынымыздың шыр етіп дүние есігін ашқан жері.

Бұл тақырыпқа осы аумақтағы Ойқұдық, Ақшоқы атауларын қамтуға болады

12

Абыралы – Дегелең

Абыралы өңірі облысымызда ең көп оқымыстылар, қоғам қайраткерлері шыққан аймақ. Шұрайлы да шырайлы Дегелең полигон жарылыстарынан ең көп зардап шеккен тау

Таубурыл тұяғының ізі жатыр.

 

Полигонға жонын тосқан тауларым

Абыралы талуары созылып жатқан қырат. Тастарында жықы тұяғының іздері бар. Сол тұқятың орны Қобыланды тұлпарының ізі дейді аңыз.

13

Шұбартау, Емелтау, Баршатас

Бұрынғы Шұбартау ауданындағы әйгілі жер атаулары. Шақантай батыр, Жобалай би секілді тарихи тұлғалардың ту тіккен мекені

 

Батырлары байрағын желбіреткен

Кезіндегі аудан орталығынан айрылса да, рухы жоғалмаған, қасиеті сақталған мекен

14

Мыңбұлақ,

Ақшәулі

Алып Тарбағатаймен сілемдес таулы аймақ. Қойнауы құт қасиетті мекен ежелден елге қоныс. Ақшәулі мен Мыңбұлақ атауы тарихи шығармаларда жиі орын алған.

 

Тарбағатай тауларымен қанаттас

 

 

Бұл мекендер Қабанбай, Бөгенбай, Ақтанберді батырлардың ат байлап, бел суытқан жерлері.

15

Жайтөбе

 

Жайтөбе Қаракерей Қабанбай батырға тұғыр болған биік шоқы. Қаурауыл төбедей жеке біткен тау. Төбесіне шыққан адам төңіректі кең ауқымда түгел барлай алады.

 

Қабанбай найзасына тұғыр болған

 

 

Жайтөбе – Семей-Бақты бағытындағы алтын босаға тәрізді орын.

16

Барлықарасан

Барлықарасан – жерасты ыстық суы бұрқырап жатқан мекен. ТМД елдерінде табиғилығы жағынан теңдесі сирек шипажай.

 

Суында құдірет бар, қасиет бар

Барлықарасан – табиғаттың өзі берген теңдессіз шипалы мекен

 

 



Дата публикации
12 февраля 2026