Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына «Е-Өтініш» бірыңғай жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 119 өтініш келіп түсті.
Барлық келіп түскен өтініштерге уақытылы дайындалып, өтініш берушілерге жауаптар жолданды.
Басқарма ай сайын уақытылы салыстыру актісін қалыптастырып прокуратураларға ұсынады, мемлекеттік мекеме өтініштерді тіркеу және қарау бойынша ай сайынғы есептілік (Ф2ГО) нысаны бойынша жиынтық деректерді жинақтап және облыс әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөліміне ұсынады.