2025 жылғы 12 қыркүйекте Абай облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы М.Рахановтың төрағалығымен Абай облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде 2025 жылға арналған Жол картасына сәйкес, жергілікті қауымдастықтар жиналыстарының шешімдері мен тұрғындардың ұсыныстары негізінде Ақсуат, Аягөз және Көкпекті аудандарындағы бірқатар көшелерге атау беру мәселелері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша, ұсынылған атаулар бойынша тиісті шешімдер қабылданып, олар белгіленген тәртіппен уәкілетті органдардың қарауына жолданатын болады.