Кітапханалар

Облыста 137 мемлекеттік кітапхана бар. Оның 1-і облыстық, 14-і қалалық, 121-і аудандық және ауылдық, 1-і зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана.    

2023 жыл бойынша кітапханалардағы кітап қоры 2 389 876 дананы құраса, оның 986 036 данасы мемлекеттік тілдегі кітаптар.

2024 жылдың бірінші жартыжылдықта кітапхана қоры 2 495462 дананы құрайды, оның 1054802 дана мемлекеттік тілде, балалар кітабы - 422059.

Облыс кітапханаларының қоры 2025 жылдың бірінші тоқсанында

2 405838 дана, оның ішінде 1008590 дана мемлекеттік тілде, балалар әдебиеті қоры-420917 дана.

2023 жылы кітап берілуі – 2412762.

2024 жылдың бірінші – 936043 дана кітап берілді.

2025 жылдың бірінші тоқсанында кітап беру 685139 дананы құрады.

2024 жылы «Абай облысындағы кітапханаларды жаңғырту» жобасы аясында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Кемелді қадам» қоғамдық қорының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna» АҚ компаниялар тобы – «Samruk-Kazyna Trust» қаржылық қолдауымен заманауи қоғамдық кеңістік ашылды. Жобаның жалпы сомасы 54,1 млн. теңгені құрады.

Анықтама үшін: Жаңартылған кеңістік «Оқу бөлмесі-коворкинг орталығы», «Балалар ойын клубы», «Инновациялық робототехника зертханасынан» тұрады. Бұл балаларға арналған кеңістіктер күрделі жөндеуден өтіп, жаңа заманауи жиһаздармен және техникалық құралдармен жабдықталды.

Сонымен қатар «Кемелді қадам» қоғамдық қоры зағип және нашар көретін азаматтарға Семей қаласында арнайы кітапхана ғимаратын салуды жоспарлап отыр.

«Абай жолы кітапханасы» атты бесжылдық жоба жүзеге асырылуда. Әдеби жоба өңіріміздің жазушы-ақындары мен өнер қайраткерлерінің түрлі жанрдағы, тақырыптағы шығармаларын қайта жарыққа шығарады. Жинақтың бірінші басылымында 16 кітап (жалпы таралымы 8000 дана) басылып шықты, биыл 20 автордың жалпы таралымы 10000 данамен жарық көруі жоспарлануда.

Кітапханалар
Дата публикации
14 мая 2025