«Көркем тіл, көрікті өңір» облыстық айлығы

«Көркем тіл, көрікті өңір» облыстық айлығы өтті

 

Абай облысының мәдениет, тілді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 17 ақпан мен 17 наурыз аралығында «Көркем тіл, көрікті өңір» атты облыстық айлық өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы негізінде деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлiн жүйелеу, тіл мәдениетін арттыру мақсатында жүзеге асырылды.

Айлық аясында өңірдегі бизнес субъектілерінде орналасқан көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінің, ас мәзірлерінің және бақылау-касса машиналарының чектерінде Тіл туралы заңнама талаптарының сақталуына 119 мониторинг жүргізіліп, 818 нысан қамтылды. Нәтижесінде 104 заңбұзушылық анықталды, оның 42-сі түзетіліп, 230 кәсіпкерге заң талаптарын сақтау жөнінде ұсынымдар берілді.

Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Дата публикации
20 марта 2025