«Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысының
міндетін атқарушы
"____" __________ 2022 жылғы
№_________________________
бұйрығымен бекітілген
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының жоспарлау, талдау, мониторинг және мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бөлімінің
ережесі
1 тарау. Жалпы ереже
1) Бөлім басшысы-1 штат бірлігі.
2) Бас маман-4 штаттық бірлік.
2 тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің құқықтары мен міндеттері
1) мәдениет саласын дамытуға арналған бюджет қаражатын жоспарлау және болжау, мәдениет саласы ұйымдарының жергілікті және республикалық бюджеттерінен қаражаттың пайдаланылуына мониторинг және талдау жасау;
2) Басқарма қызметін әкімшілік және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және орындау.
3) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті мәліметтерді сұрату және алу;
2) өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру;
3) жүктелген өкілеттіктер шегінде мекемелер мен лауазымды адамдардан анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жоюды талап етуге құқылы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
5) басқарма басшысы табыстаған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
1) ведомстволық бағынысты мәдениет ұйымдарын ағымдағы күтіп-ұстауға және дамытуға бағытталатын қаражаттың тиімді пайдаланылуын мониторингілеу және талдау;
2) облыста мәдениетті дамытуға бағытталған өңірлік бағдарламаларды әзірлеу, қабылданған бағдарламаларды іске асыру тиімділігін бағалау;
3) "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасын іске асыруға қатысады;;
4) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын, сондай-ақ мәдениет саласындағы саясатты қалыптастыру үшін негізгі көрсеткіштер бойынша ақпарат дайындау;
5) ведомстволық бағынысты ұйымдардың үш жылдық кезеңге арналған бюджет шығыстарын жоспарлау және болжау және қаржы жылына нақтылау;
6) облыстық мәдениет, архивтер ұйымдарының бюджеттік өтінімдерін тексеру үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде жиынтық Бюджеттік өтінімді жасау, ағымдағы, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде қаржыландыру мәселелері бойынша облыстық мәдениет ұйымдары бойынша қосымша бюджеттік өтінімді дайындау, облыстық мәдениет ұйымдары бойынша жиынтық бюджеттік өтінімге өзгерістер енгізу, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы ұйымдарды ұстауға арналған шығыстар лимиттерін бекіту және жеткізу;
7) бағыт бойынша тиімділікті бағалау–жетекшілік ететін салада/аяда/өңірде бюджеттік бағдарламаларға қол жеткізу және іске асыру және бюджеттік тағайындауларды уақтылы нақтылау және өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу, бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша бақылауды жүргізу;
9) Басқарманың ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының ЭБАЖ бағдарламасына қаржы-шаруашылық қызметінің есептері мен жоспарларының енгізілуін бақылау;
10) бағдарламалар мен кіші бағдарламалар бойынша облыстық мекемелердің, мәдениет кәсіпорындарының бюджетті орындауын талдау және мониторингілеу;
11) "Парус Каз", "Ашық бюджеттер" ("Ашық Үкімет") бағдарламаларына ағымдағы және алдағы жылдарға арналған бюджеттік өтінімдер бойынша деректерді енгізу және мониторингтеу;
12) бөлімнің құзыретіне кіретін нормативтік-құқықтық құжаттарды облыстық ұйымдарға, аудандық және қалалық мәдениет бөлімдеріне зерделеу және уақтылы жеткізу;
13) басқарманың, облыс әкімі аппаратының алқалары мен кеңестерінде облыстық мәдениет ұйымдарының қаржы-экономикалық қызметі туралы мәселелерді дайындау және қарау;
14) облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерімен қаржы-экономикалық мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер өткізуге практикалық көмек көрсету;
15) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
16) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысандарына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
17) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты электрондық және жалпыға қолжетімді форматта орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
18) бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін рәсімдеу тәртібінің сақталуын, жалақы қорының жұмсалуын, лауазымдық айлықақылар белгілеуді, ақша қаражаттарына, тауар-материалдық құндылықтар мен негізгі қорларға түгендеу жүргізуді, бас кітапты жүргізуді бақылауды жүзеге асырады;
19) міндеттемелер мен төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарын өзгертуге өтінім, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінімдер жасайды;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес тиісті органдарға белгіленген мерзімдерде уақтылы беруді бақылауды және қаржылық, салықтық, статистикалық және басқа да есептіліктің жасалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
21) шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есептілікті қалыптастырады;
22) түсетін ақша қаражатының, тауар-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың толық есепке алынуына және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады, оларға түгендеу жүргізудің белгіленген қағидаларының сақталуын ұйымдастырады;
23) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасауды және бекітуді, оны веб-сайтқа орналастыруды және Мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастыруды ұйымдастырады, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттардың жасалуын, Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізуді ұйымдастырады және бақылайды;
24) басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджет қаражатының тиімді, мақсатты пайдаланылуын және уақтылы және толық игерілуін бақылауды жүргізеді. Шоғырландырылған бюджеттік және қаржылық есептілік жинағын, басқарманың және ведомстволық бағынысты мәдениет ұйымдарының аудиторлық тексерулерін жасауды және қаржы органына ұсынуды бақылайды.
25) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініштермен, хаттармен және шағымдармен жұмыс жасау;
26) сапа менеджменті жүйесін сақтау және сапа саласындағы бекітілген Саясат пен мақсаттарға сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерін орындау болып табылады;
27) басқарма басшысы және басқарма басшысының орынбасары айқындайтын өзге де тапсырмаларды жүзеге асыру.
28) Абай облысы әкімінің аппаратына діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпаратты уақтылы ұсынуды жүзеге асырады;
29) басқармада және ведомстволық бағынысты мәдениет ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
30) Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының орындалуына, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне бақылауды жүзеге асыру.
3 тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру