Қосымша
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың
2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы
ЕСЕП
Есепті кезең: 2025 жыл
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орган: Абай облысының әкімдігі
1-бөлім. Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат
|
№ |
Реформалардың /негізгі іс-шаралардың атауы |
Аяқтау нысаны/өлшем бірлігі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы ақпарат |
||
|
жоспары |
факт |
түсініктеме |
||||
|
1-бағыт. Тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту |
||||||
|
1-нысаналы индикатор. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі |
|
91,5 |
92 |
Абай облысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Мемлекеттік тілді тегін оқытуды ұйымдастыру мақсатында Абай облысының лингвистикалық орталығы және Курчатов қаласында, Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті аудандарында тілдерді оқыту орталықтары жұмыс істейді. 2025 жылы тілдерді оқыту орталықтарында 1450 тыңдаушы қазақ тілін оқыту курсына қатысты, оның 590-өзге ұлт өкілдері. Бұдан басқа тілдерді оқыту орталықтарынының жанынан ұйымдастырылған «Мәнерлеп оқы», «Қазақша клаб», «Қазақша сөйлесейік», «Сөйле Time», «Кел, қазақша сөйлесейік!», қысқа мерзімді клубтарында 192 адам қазақ тілін оқыса, оның 92 этнос өкілдері. Өткен жылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Сөз дода», «Жарнама - тіл тазалағының көрінісі» конкурстары, «Qazaqsha quiz» интеллектуалды ойыны, «Тіл – татулық туы» фестивалі, «Тілдер шеруі», «Көркем тіл көрікті өңір» айлықтары, «Digital Abai — Қазақ мәдениетінің алтын бесігі» хакатоны, «Тәрбие басы - тал бесік» атты республикалық форум өтті. Бұдан басқа аудандар мен қалаларда 30-дан астам шара ұйымдастырылды. Абай облысындағы тілдік ахуалғы «Шығыс жастары» ҚҚ жүргізген әлеуметтік зерттеулерге сәйкес 2025 жылы мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 92% құрап, көрсеткіш орындалды. «Орындалды» |
||
|
2-нысаналы индикатор. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар қызметкерлерінің үлесі |
|
39 |
39
|
2025 жылы облыс бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы 681 адам тест тапсырса, ҚАЗТЕСТ жүйесінің сертификаттық тестілеуіне 439 адам қатысты, оның ішінде А1-14 адам, А2-27 адам, В1-58 адам, В2-229 адам, С1-88 адам тапсырды. |
||
|
3-нысаналы индикатор. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі |
|
45 |
45 |
Абай облысының жергілікті атқарушы органдарында 1933 мемлекеттік қызметші бар, оның 1768 ұлты қазақ азамат болса, 165 өзге ұлт өкілі. 2025 жылы облыс бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы 681 адам тест тапсырса, ҚАЗТЕСТ жүйесінің сертификаттық тестілеуіне 439 адам қатысты, оның ішінде А1-14 адам, А2-27 адам, В1-58 адам, В2-229 адам, С1-88 адам тапсырды. |
||
|
1. |
Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу жүргізу |
әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу |
ҒЖБМ, ЖАО
|
1000,0 мың теңге |
1000,0 мың теңге |
Абай облысындағы тілдік ахуалға әлеуметтік зерттеу жүргізу үшін 1000,0 мың теңге қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу рәсімі барысында "Шығыс жастары" ҚҚ осы лотты 1000,0 мың теңге сомасына ұтып алып, 2 925 респондент арасында әлеуметтік зерттеу жүргізді. "Орындалды". |
|
2. |
Түркі, славян жазбаларының күндерін мерекелеу шеңберінде конкурстар, конференциялар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
ЖАО |
500,0 мың теңге |
500,0 мың теңге |
2025 жылы Түркі, Славян жазбалары күндерін мерекелеу шеңберінде «Түркі тілі », «Түркі жазбаларының шығу тарихы», «День славянской письменности и культуры» атты әдеби – музыкалық кеш, ашық есік күндері мен кітап көремелері ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шараларға 3000-нан астам адам қатысты. Сонымен қатар облыс аумағындағы этномәдени бірлестіктердің ашық есік күндері мен тілдер апталығы ұйымдастырылды. Тілдер күніне орай ұйымдастырылған іс-шараларға 4000-нан астам адам қатысты.
|
|
3. |
Жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық компанияларға көрнекі ақпаратты дұрыс жазу (акциялар, «Үздік маңдайша», «Үздік аудан», «Үздік көше» және т.б.), бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекі ақпарат) мемлекеттік тілде ресімдеу қажеттігі бойынша консультациялық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
ЖАО, ҰК (келісу бойынша), «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) |
0 |
0 |
Тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлерінің алдын ала отырып, деректемелер мен көрнекі ақпараттағы мемлекеттік тілдің сауатсыз жазылуына жол бермеу мақсатында әр тоқсан сайын «Көркем тіл, көрікті өңір» атты облыстық айлық жарияланып отыр. Айлық аясында жергілікті атқарушы органдар сауда, ойын-сауық орталықтары, қоғамдық тамақтану орындарында, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан көрнекі ақпарат пен жарнамада тіл туралы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жасап, заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Есептік кезеңде 195 мониторинг жүргізіліп, 1429 нысан қамтылды. Нәтижесінде 167 заң бұзушылық анықталып, оның 68 талапқа сай ретке келтірілді, қалған 99 кәсіпкерге заң талаптарын сақтау бойынша нақты ұсынымдар берілді. |
|
4. |
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жарнаманы орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық конкурсын өткізу |
конкурс |
ҒЖБМ, ЖАО |
мың теңге |
мың теңге |
Қазақстан халқының тілдері күніне орай өткен «Тіл – татулық туы» фестивалі барысында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты республикалық конкурстың облыстық кезеңінің нәтижесі шығарылып, өз бизнестерінде Тіл туралы заң талаптарын сақтап, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып отырған бірқатар кәсіпкерлер арнайы номинациялармен марапатталды: - «Сауатты жарнама» номинациясы бойынша – Семей қаласының «Adal as» ұлттық өнімдер дүкені; - «Үздік ұлттық нақыштағы атау» номинациясы бойынша – Семей қаласының «Астау» мейрамханасы, Alash coffee, Үржар ауданының «Ай-Бике» дәмханасы, Жарма ауданының «Has Tagam» жеке кәсіпкері; - «Үздік ас мәзірі» номинациясы бойынша – Семей қаласының «Meiman» мейрамханасы және Курчатов қаласының «Uly dala» отбасылық кафесі марапатталды. Аталған конкурстың республикалық кезеңіне ұсынылған «Adal as» ұлттық өнімдер дүкені мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте отырып, жарнама мәтіндерін сауатты рәсімдеуде үздік деп танылып, бас жүлдені иеленді. |
|
8. |
Қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру |
іс-шаралар |
ЖАО, ҒЖБМ, «Отандастар» қоры (келісу бойынша), «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі (келісу бойынша) |
0 |
0 |
Есептік кезеңде «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалы төрағасының қатысуымен Семей, Курчатов қалалары мен Көкпекті ауданында этно-мәдени бірлестіктерінің, десаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету мекемелері өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл – Ұлт болашағы» тақырыбында 4 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. |
|
10. |
Мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне, квазимемлекеттік секторға олардың тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі мақсатында түсіндіру жұмысын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
ЖАО, МО, ҰК (келісу бойынша) |
мың теңге |
мың теңге |
Тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлерінің алдын ала отырып, деректемелер мен көрнекі ақпараттағы мемлекеттік тілдің сауатсыз жазылуына жол бермеу мақсатында әр тоқсан сайын «Көркемтіл, көрікті өңір» атты облыстық айлық жарияланып отыр. Айлық аясында жергілікті атқарушы органдар сауда, ойын-сауық орталықтары, қоғамдық тамақтану орындарында, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан көрнекі ақпарат пен жарнамада тіл туралы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жасап, заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Есептік кезеңде 195 мониторинг жүргізіліп, 1429 нысан қамтылды. Нәтижесінде 167 заң бұзушылық анықталып, оның 68 талапқа сай ретке келтірілді, қалған 99 кәсіпкерге заң талаптарын сақтау бойынша нақты ұсынымдар берілді. Сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерімен «Мемлекеттік тіл – іс-қағаздарын жүргізу тілі» тақырыбында областық семинар ұйымдастырылды. |
|
11. |
Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шараларды өткізу және оларды БАҚ-та насихаттау |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
ЖАО, МО |
3 150,0 мың теңге |
3 150,0 мың теңге |
Абай облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында облыстық «Тіл – татулық туы» фестивалі ұйымдастырылып, Тілжанашырлары ҚР Ғылым және жоғары білім министрілінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен және Абай облысы әкімінің алғыс хаттарымен мараптталды. Сонымен қатар «Тілдер шеруі» атты облыстық айлық жарияланып, қалалар мен аудандарда «Тіл – тұтастық туы», «Ана тілің – арың бұл», «Бір Отан. Бір тіл» және т.б. тақырыптарда фестивальдар мен байқаулар, кездесулер, кітап көрмелері мен жаппай диктант жазу сияқты жиыны 40-тан астам іс-шара ұйымдастырылды. «Тілдер шеруі» айлығы аясында ұйымдастырылған іс-шараларға 6000-нан астам адам қатысты. Өткен іс-шаралар Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының ресми сайттары м ен әлеуметтік желілерінде жарияланып, БАҚ таратылды. |
|
12. |
Мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қолданылу салаларын кеңейтуге (фестивальдер, кездесулер, акциялар және т.б.), тіл мәдениетін жетілдіруге (тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз орамдары, аңыз адамдардың өсиеттері және т.б.) қатысты іс-шараларды ұйымдастыру |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
ЖАО, МО, ҰК (келісу бойынша) |
18 000,0 мың теңге |
18 000,0 мың теңге |
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Сөз дода», «Жарнама - тіл тазалағының көрінісі» конкурстары, «Qazaqsha quiz» интеллектуалды ойыны, «Тіл – татулық туы» фестивалі, «Тілдер шеруі», «Көркем тіл көрікті өңір» айлықтары, «Digital Abai — Қазақ мәдениетінің алтын бесігі» хакатоны, «Тәрбие басы - тал бесік» атты республикалық форум өтті. Бұдан басқа аудандар мен қалаларда 30-дан астам іс-шара ұйымдастырылды.
|
|
13. |
Саланың табысты тұлғалары қатарындағы спикерлердің кәсіпкерлердің алдында қазақ тілінде сөз сөйлеуін ұйымдастыру |
дерекқор |
ҒЖБМ, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) |
- |
- |
Деректеме мен көрнекі ақпарат тілін біріздендіру мақсатында 2025 жылғы маусым айында өткен «Көрнекі ақпараттағы заңдылықтар» атты семинар-кеңесте «Халықаралық қазақ тілі» ҚБ төрағасы О. Шәріпбаев, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледіждің директоры, Абай облысы мәслихатының депутаты Ш. Жанаева кәсіпкерлірдің алдында тіл заңдылығын сақтау туралы сөз сөйледі. |
|
17. |
«ҚАЗТЕСТ» бағдарламасының негізінде тілді білу деңгейін бақылау жүйесін ұйымдастыру |
жыл қорытындысы бойынша есеп |
ҒЖБМ |
- |
- |
2025 жылы облыс бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы 681 адам тест тапсырса, ҚАЗТЕСТ жүйесінің сертификаттық тестілеуіне 439 адам қатысты, оның ішінде А1-14 адам, А2-27 адам, В1-58 адам, В2-229 адам, С1-88 адам тапсырды. |
|
18. |
Мемлекеттік Тілдерді оқыту орталықтарында ересектер, оның ішінде азаматтық және мемлекеттік қызметкерлер үшін курстар (қазақ, орыс, ағылшын) ұйымдастыру |
курстар |
ЖАО |
79 800,0 мың теңге |
79 800,0 мың теңге |
Мемлекеттік тілді тегін оқытуды ұйымдастыру мақсатында Абай облысының лингвистикалық орталығы және Курчатов қаласы мен Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті аудандарында тілдерді оқыту орталықтары жұмыс істейді. Өткен жылы тілдерді оқыту орталықтарында 1450 адам қазақ тілін оқиды, оның 590-өзге ұлт өкілдері. Лингвистикалық капиталды дамыту мақсатында аталған орталықтарда қазақ тілімен қоса орыс, ағылшын, татар тілдері де оқытылады (ағылшын тілін - 651 адам, орыс тілін - 160 адам, татар тілін - 28 адам оқиды). Бұдан басқа тілдерді оқыту орталықтарынының жанынан ұйымдастырылған «Мәнерлеп оқы», «Қазақша клаб», «Қазақша сөйлесейік», «Сөйле Time», «Кел, қазақша сөйлесейік!», «Speaking club», «Сonversation time» қысқа мерзімді клубтарында 237 адам қазақ және ағылшын тілдерін үйренді, оның ішінде 192 адам қазақ тілін, 45 адам ағылшын тілін оқыды. |
|
4-нысаналы индикатор. Мемлекеттік телеарналарда мемлекеттік тілде көрсетілетін телебағдарламалардың үлесі |
|
74 |
|
|
||
|
19. |
Балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған мемлекеттік тілдегі танымдық бағдарламалар, жобалар, соның ішінде ойын түріндегі оқыту бағдарламаларын әзірлеу |
бағдарламалар, жобалар |
МАМ, ОМ |
- |
- |
Облыстық «SEMEI» телеарнасында балаларға арналған «Ертегілер әлемі» бағдарламасы бар. Бағдарлама аптасына 1 рет көрсетіледі. |
|
20. |
Табысты кәсіпкерлердің мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде қол жеткізген жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау |
телебағдарламалар, мақалалар |
ҒЖБМ, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) |
- |
- |
«Ертіс өңірі» облыстық газетінде (26.02.2025 ж.), «Лидер строитель» сауда үйінің иесі Құралай Аманжолқызы «Тіл мәртебесі» тақырыбында сұхбаты; Үржар аудандық «Уақыт тынысы» газетінде (20.02.2025 ж. №7) Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Үржар ауданының құрметті азаматы, ардагер-ұстаз Амангелді Оспановтың «Ана тілі-арымыз, ардақтайық бәріміз» атты мақаласы; Бесқарағай аудандық «Біздің Бесқарағай» газетінде (№11-12 19.03.2025 ж.) «Азамат – 2» шаруа қожалығының басшысы Данабаев Асқардың мақаласы жарияланды.
|
|
5-нысаналы индикатор. Қазақстанда өткізілетін, сондай-ақ шетелде қазақстандық дипмиссиялар ұйымдастырған халықаралық іс-шараларда қазақ тілінің қолданылу үлесі |
|
54 |
100 |
|
||
|
21. |
Халықаралық қызметте мемлекеттік тілдегі іс-шаралар ұйымдастыру |
есеп |
СІМ, МО, ЖАО, ҰК (келісу бойынша) |
- |
- |
2025 жылғы 10 желтоқсанда Семей қаласында Абай облысындағы татар қоғамдық бірлестігінің 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Аталған мерекеге Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, Татарстаннан арнайы келген делегация мүшелері және қала қонақтары қатысты. Іс-шара қолданыстағы заңнама талаптарына сай қазақ және орыс тілінде өтті. |
|
22. |
Шетелдік университеттер мен орталықтарға, факультеттерге, сондай-ақ қазақ диаспорасына қазақ тілін оқыту кабинеттеріне әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету |
есеп |
СІМ, ҒЖБМ, ДҚҚ (келісу бойынша), «Отандастар» қоры (келісу бойынша) |
- |
- |
- |
|
23. |
Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету |
есеп |
СІМ, ЖАО (шекаралас өңірлер), ДҚҚ (келісу бойынша), «Отандастар» қоры (келісу бойынша) |
- |
- |
2025 оқу жылында Қытай Халық Республикасы мен Монғолиядан келген қандастарға тілдік оқыту курстары ұйымдастырылды. Есепті кезеңде жиыны 232 қандас білім алды, оның ішінде: мемлекеттік тілді 80 адам; орыс тілін- 100 адам; ағылшын тілін 52 адам оқыды. Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілген жоқ. |
|
24. |
«Абай институты» жобасы аясында қазақ диаспорасына қазақ тілін оқыту жөніндегі бейнесабақтарды әзірлеу және платформаға орналастыру |
бейнесабақтар |
ҒЖБМ |
- |
- |
- |
|
6-нысаналы индикатор. Мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі |
|
92 |
93 |
|
||
|
25. |
Мемлекеттік органдардағы және ұлттық компаниялардағы жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне мониторинг жүргізу |
мониторинг қорытындысы |
ҒЖМБ, МО, ЖАО, ҰК (келісу бойынша) |
- |
- |
Мемлекеттік органдардағы жалпы құжатайналымында мемлекеттік тілдің үлесіне тұрақты түрде мониторинг жүрігізіліп келеді. Жүргізілген монитрингтердің нәтижесінде 2025 жылы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 93% құрады. |
|
26. |
Құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін арттыруға бағытталған әдістемелік семинарлар ұйымдастыру |
әдістемелік семинарлар |
ҒЖМБ |
- |
- |
Құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін арттыру бойынша 2025 жылы денсаулық сақтау мекемелерінің қызметшілерімен «Мемлекеттік тіл – іс-қағаздарын жүргізу тілі» тақырыбындағы дәстүрлі семинар өтті. |
|
27. |
Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу |
талдамалық жинақ |
ҒЖБМ, ЖАО |
- |
- |
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен өңірдегі мемлекеттік мекемелердің ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік желі парақшалараны тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп келеді. 2025 жылы жүргізілген мониторинг аясында 100-ге тарта кемшілік анықталып, мемлекеттік органдарға заң талаптарына сай ретке келтіру бойынша ұсыным берілді. |
|
28. |
Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу |
іс-шаралар, ҒЖБМ-не ақпарат |
МО, ЖАО, ҰК (келісу бойынша) |
- |
- |
Абай облысында 2025 жылы өткізілген қоғамдық маңызды іс-шаралардың жалпы саны – 6156. Шараларға қатысқан адам саны 923 400 адам. Облыста бұқаралық мәдени, спорт және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілдің кеңінен қолдану қамтамасыз етілген. |
|
29. |
«Саясаткердің шешендік өнері», «Мемлекеттік қызметшінің көпшілік алдында сөз сөйлеуі», «Ресми мәтін және жазылым дағдылары» тақырыбында курстар, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру |
тілдік курстар, семинарлар мен тренингтер |
МҚІА, МБА (келісу бойынша) |
- |
- |
- |
|
7-нысаналы индикатор. Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін пайдаланатын жазба коммуникациясына қатысушылардың үлесі |
|
- |
|
|
||
|
31. |
Латынграфикалы әліпби негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерін, қазақ орфографиясы, орфоэпиясы бойынша анықтамалықтарды, сөз мәдениеті бойынша анықтамалықтарды, практикалық стилистика мен пунктуация бойынша құралдарды, қазақ тілінің үлкен бір томдық сөздігін, қазақ тілінің үлкен 20 томдық сөздігін, жаңа қазақ грамматикасын әзірлеу, басып шығару және тарату |
сөздіктер, анықтамалықтар, құралдар |
ҒЖБМ, «Тіл білімі институты» ШЖҚ РМК (келісу бойынша)
|
- |
- |
- |
|
32. |
Көшу кестесін бекіте отырып, қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін енгізу бойынша ғылыми-ұйымдастыру міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар өткізу |
семинар, конференция, конкурс |
ҒЖБМ
|
- |
- |
- |
|
34. |
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бейнеблоктар әзірлеу |
бейнеблоктар |
ҒЖБМ
|
- |
- |
- |
|
36. |
Жергілікті атқарушы органдар жанындағы оқу орталықтарының оқытушылары мен ересек тұрғындарды оқыту үшін филологтар мен лингвист-ғалымдарды тарта отырып, семинарлар, дәрістер, курстар ұйымдастыру |
семинарлар, дәрістер, курстар |
ҒЖБМ, ЖАО |
- |
- |
Абай облысының тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары үнемі біліктілігіктерін арттыру бойынша әртүрлі семинарларға қатысып отырады. Атап айтқанда: Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен "Қазақ тілін оқытудың Назарбаев университеті тәжірибесі" атты онлайн дәрістер цикліне; Алматы қаласының Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді білудің сатылары мен деңгейлерін бағалау жүйесі» атты республикалық конференцияда ҚАЗТЕСТ жүйесінің артықшылықтары мен және мемлекеттік тілді білуді бағалаудағы орын; қазіргі таңда қазақстанда басқа қандай деңгейлік тест жүйелері жұмыс жасайды?, мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша жалпы міндетті емтиханның артықшылықтары; ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларының мазмұны мен құрылымы; Мемлекеттік тілді оқытудың сатылары мен деңгейлерінің қазіргі қолданыстағы бағалау жүйесімен үйлесімділігі; қазақ тілін білуді бағалаудың автономды жүйелері тақырыбында онлайн семинар жұмысына қатысты; Л.Серікболова, Д.Төлеужанова, А.Тұрсынова, Ж. Ботаханова, Ж.Қалиакбаровтар «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Лексика-грамматикалық минимум әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы 36 сағаттық республикалық онлайын семинарға қатысып, сертификат алды. Сонымен қатар 2025 жылдың 17-18 желтоқсан күндері «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ЖИ технологияларын мәдениет, музей, архив және тіл салалары қызметкерлерінің кәсіби қызметінде қолдану тақырыбындағы семинарға қатысып, заманауи цифрлық тәсілдер бойынша теориялық және практикалық білім алғаны үшін Лингвистикалық орталық пен Тілдерді оқыту орталықтарының мамандары мен оқытушылары серификат алды.
|
|
37. |
Орфографикалық жұмыс тобының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Тіл саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның латын графикасына кезең-кезеңімен көшуге байланысты отырыстарын өткізу (латын графикасына көшуге қатысты өзекті мәселелерді талқылау) |
хаттама |
ҒЖБМ
|
- |
- |
- |
|
3-бағыт. Тіл үйрету әдістемесін жетілдіру |
||||||
|
8-нысаналы индикатор. Жетілдірілген әдістемемен мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткендер саны |
|
14 |
14 |
|
||
|
38. |
Қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру үшін қазақ тілін оқытушылар мен әдіскерлердің тәжірибе алмасуы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру |
іс-шаралар |
ҒЖБМ, ЖАО |
- |
- |
Абай облысының тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары үнемі біліктілігіктерін арттыру бойынша әртүрлі семинарларға қатысып отырады. Атап айтқанда: Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен "Қазақ тілін оқытудың Назарбаев университеті тәжірибесі" атты онлайн дәрістер цикліне; Алматы қаласының Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді білудің сатылары мен деңгейлерін бағалау жүйесі» атты республикалық конференцияда ҚАЗТЕСТ жүйесінің артықшылықтары мен және мемлекеттік тілді білуді бағалаудағы орын; қазіргі таңда қазақстанда басқа қандай деңгейлік тест жүйелері жұмыс жасайды?, мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша жалпы міндетті емтиханның артықшылықтары; ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларының мазмұны мен құрылымы; Мемлекеттік тілді оқытудың сатылары мен деңгейлерінің қазіргі қолданыстағы бағалау жүйесімен үйлесімділігі; қазақ тілін білуді бағалаудың автономды жүйелері тақырыбында онлайн семинар жұмысына қатысты; Л.Серікболова, Д.Төлеужанова, А.Тұрсынова, Ж. Ботаханова, Ж.Қалиакбаровтар «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Лексика-грамматикалық минимум әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы 36 сағаттық республикалық онлайын семинарға қатысып, сертификат алды. Сонымен қатар 2025 жылдың 17-18 желтоқсан күндері «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ЖИ технологияларын мәдениет, музей, архив және тіл салалары қызметкерлерінің кәсіби қызметінде қолдану тақырыбындағы семинарға қатысып, заманауи цифрлық тәсілдер бойынша теориялық және практикалық білім алғаны үшін Лингвистикалық орталық пен Тілдерді оқыту орталықтарының мамандары мен оқытушылары серификат алды.
|
|
39. |
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсын өткізу |
конкурс |
ОМ |
- |
- |
- |
|
42. |
А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу |
оқулықтар, құралдар |
ҒЖБМ |
- |
- |
- |
|
43. |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында «Қолданбалы лингвистика», «Компьютерлік лингвистика» мамандықтары бойынша мамандар даярлау |
есеп |
ҒЖБМ |
- |
- |
- |
|
44. |
Тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық конкурс ұйымдастыру |
конкурс |
ҒЖБМ, ЖАО |
- |
- |
2025 жылы маусым айында Тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Ұлт ұстазы - Ахмет» атты облыстық конкурсы өтті. Конкурсқа облыстық тілдерді оқыту орталықтарының 12 оқытушысы қатысып, өз біліктіліктерін сынады. |
|
45. |
Этностардың мемлекеттік тілді және ана тілдерін үйренуіне арналған бейнесабақтарды әзірлеу |
бейнесабақтар |
ҒЖБМ, ЖАО |
- |
- |
Абай облысының лингвистикалық орталығының TikTok әлеуметтік желісінде мемлекеттік тілді үйренуге бағытталған әртүрлі тақырыптардағы роликтар жариялынып отыр. Есептік кезеңде орталықтың парақшасында 30-дан астам жарияланым орналастырылды.
|
|
46. |
Азаматтар үшін «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курстарын ұйымдастыру |
онлайн курстар |
ҒЖБМ |
5000,0 мың теңге |
1 770,0 мың теңге |
Қазақ тілін қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында Абай облысы әкімдігінің тың жобасы болып табылатын «Qazaqsha» мобильді қосымшасы, пайдалануға шығарылды.
|
|
9-нысаналы индикатор. Мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектеп түлектерінің үлесі |
|
55 |
|
|
||
|
48. |
Жалпы орта білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың оқу бағдарламаларын жетілдіру |
оқу бағдарламасы |
ОМ |
- |
- |
- |
|
49. |
Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін жоғарылату (сапалық құрамын арттыру) |
курстар, семинарлар |
ОМ |
- |
- |
- |
|
50. |
Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерін бөлек зерделеу жөніндегі шаралар қабылдау |
оқу бағдарламасы |
|
- |
- |
- |
|
4-бағыт. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту |
||||||
|
10-нысаналы индикатор. «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының мәтіндік базасы көлемінің үлесі |
|
36 |
|
|
||
|
51. |
Қазақ тілі ұлттық корпусының кіші корпустарының құрылымы мен мазмұнын (сөйлеу стильдеріне сәйкес) қалыптастыру |
жаңартылған кіші корпустар |
ҒЖБМ, «Тіл білімі институты» ШЖҚ РМК (келісу бойынша), «Тіл-Қазына» КеАҚ орталығы (келісу бойынша) |
- |
- |
- |
|
52. |
Ашық онлайн энциклопедияны қазақ тіліндегі ғылыми мақалалар, жарияланымдармен, еңбектермен және мәліметтермен толықтыру |
жарияланымдар |
ҒЖБМ, МО |
- |
- |
- |
|
11-нысаналы индикатор. Реттелген терминологиялық қордың үлесі (2022 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, өсу қорытындысымен) |
|
20 |
|
|
||
|
53. |
Республикалық терминология комиссиясының отырыстарын өткізу |
хаттамалар, электрондық бюллетень, сараптама қорытындылары |
ҒЖБМ |
- |
- |
- |
|
54. |
Терминологияның өзекті мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу |
семинарлар, конференция, конкурстар |
ҒЖБМ |
- |
- |
- |
|
5-бағыт. Қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру |
||||||
|
12-нысаналы индикатор. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі |
|
84 |
|
|
||
|
57. |
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтық қоғам институттарына, белсенді азаматтарға, еріктілерге қазақ тілін қолдауға бағытталған акциялар, іс-шаралар, бастамашыл жобалар өткізуде қолдау көрсету |
акциялар, іс-шаралар |
ҒЖБМ, МАМ |
- |
- |
- |
|
58. |
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын ұйымдастыру |
конкурстар |
ҒЖБМ, МАМ |
- |
- |
2025 жылғы маусым айында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының облыстық деңгейі өтті. Облыстық конкурстың нәтижесі бойынша Г. Қайсаның, Е. Исабай мен А.З. Оспановтың құжаттарымен материалдары республикалық конкурсқа жолданды. |
|
59. |
Мәдениет ұйымдарының (театр, кино) репертуарын қазақтілді жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру |
іс-шаралар |
МАМ, ЖАО
|
- |
- |
Абай облысындағы мәдениет мекемелерінің жалпы саны – 273. Олардың ішінде Семей қаласында 1 театр, 3 кинотеатр бар. Абай облысындағы театрлардың 2025 жылғы репертуар саны -152, оның ішінде қазақ тілінде-138. Қамтылған адам саны – 37 770. Облыстық театр жанындағы 3 труппаның 2-нің қызметі 100% қазақ тілінде жүргізіледі, репертуарындағы шығармалардың барлығы мемлекеттік тілде өтеді, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалар саны 47. Есептік кезеңде жаңадан толыққан репертуарлар саны-7, оның ішінде қазақ тіліндегісі-5. |
|
60. |
Мемлекеттік тілде инновациялық ІТ-жобаларды және тілді ақпараттық насихаттау жобаларын, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін әзірлеу және шығару |
ІТ-жобалар, шаралар |
ҒЖБМ |
- |
- |
Қазақ тілін қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында Абай облысы әкімдігінің тың жобасы болып табылатын «Qazaqsha» мобильді қосымшасы, пайдалануға шығарылды. Сонымен қатар «Digital Abai — Қазақ мәдениетінің алтын бесігі» хакатоны ұйымдастырылып, мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған платформа әзірленуде.
|
|
61. |
Мемлекеттік тілді оқыту мақсатында балаларға, оның ішінде есту қабілеті бұзылған балаларға арналған қазақ тіліндегі танымдық ойындарды әзірлеу |
электрондық ойындар |
ҒЖБМ |
- |
- |
- |
|
62. |
Қазақ тілін онлайн оқыту және оны дамыту, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға арналған платформаны кезең-кезеңімен әзірлеу |
онлайн платформа, мобильді қосымша |
ҒЖБМ |
- |
- |
- |
|
63. |
Портативті электрондық құрылғы шығару арқылы Брайль әліпбиіне негізделген қазақ тіліндегі білім беру өнімін іске асыру |
электрондық құрылғы |
ҒЖБМ |
- |
- |
- |
|
64. |
Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік құралдар, тілдескіштер, сөздіктер, дидактикалық материалдар, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде әрі есту және көру қабілеттері бұзылған адамдар үшін әзірлеу және тарату (латын графикалы әліпби негізінде) |
баспа өнімдері, құралдар |
ҒЖБМ
|
- |
- |
- |
|
65. |
Мемлекеттік тілде баспа өнімдерін (кітаптар), оның ішінде балалар әдебиетін шығару |
баспа өнімдері (кітаптар) |
МАМ, ҒЖБМ |
- |
- |
- |
|
66. |
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған журналдар шығару («Балапан әлемі», «Тіл және қоғам», «Туған тіл») |
журналдар шығару |
ҒЖБМ |
- |
- |
- |
|
13-нысаналы индикатор. Әзірленген мемлекеттік тілдегі анимациялық өнімдердің көлемі |
|
- |
|
|
||
|
68. |
0-5 жастағы балаларға арналған мемлекеттік тілдегі мультфильмдер мен танымдық телебағдарламалар әзірлеу |
мультфильмдер мен телебағдарламалар |
МАМ |
- |
- |
- |
|
69. |
Танымал шетелдік анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аудару, «Balapan» телеарнасында және оның YouTube арнасында трансляциялау |
анимациялық фильмдер |
МАМ |
- |
- |
- |
|
70. |
Балалардың тілін дамытуға арналған анимациялық фильмдер, сондай-ақ әдебиеттер мен иллюстрациялар (комикстер) әзірлеу |
анимациялық фильмдер, әдебиеттер |
МАМ |
- |
- |
- |
|
Күтілетін нәтиже: Күнделікті өмірде мемлекеттік тілді қолданатын тұрғындардың үлесі |
|
91,5 |
92 |
Статистикалық деректерге сәйкес Абай облысында 595 420 адам тұрады, оның 471 846 ұлты қазақ азаматтар. «Шығыс жастары» ҚҚ жүргізген әлеуметтік зерттеулерге қазақ тілін жоғарғы деңгейде меңгерген тұрғындардың үлесі 92% құрап, көрсеткішке қол жеткізілді. «Орындалды» |
||
|
Күтілетін нәтиже: Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) қатар меңгерген тұрғындардың үлесі |
|
31 |
31 |
«Шығыс жастары» ҚҚ жүргізген әлеуметтік зерттеулерге сәйкес Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) қатар меңгерген тұрғындардың үлесі 31% құрап, көрсеткішке қол жеткізілді. Статистикалық деректерге сәйкес Абай облысында 595 420 адам тұрады, оның 184 580 үш тілді меңгерген тұрғындар. Үш тілді меңгерген тұрғындардың санын облыс аумағындағы студенттер – 43 586, 5-11 сынып оқушылары - 62 320 және ересек тұрғындар 78 674 адам құрап отыр. «Орындалды» |
||
Ескертпе: Қосымшадағы реттік саны Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының реттік санына сәйкес келеді.
Түсініктеме бағандарында ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде толтырылуы тиіс