Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Музейлер

Абай облысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 4 музей қызмет атқаруда: Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі, Абай облысы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Семей қаласындағы Ф. М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі, Ақсуат ауданындағы тарихи-өлкетану музейі.

І. Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі - 1883 жылы ашылған еліміздегі көне музейлердің бірі.

Көне шаһар – Семейдің даму тарихын, қайталанбас мәдениетін, Семей жеріндегі Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздік жолындағы қызметін жан-жақты ашатын жалғыз музей. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы өз заманында музейге атсалысып, 1885 жылы 60-тан астам заттар тапсырған.

Музей орналасқан ғимаратта 1917 жылы Алаш қозғалысының басшысы Әлихан Бөкейхан қала тұрғындарымен кездесіп, Семей қазақтарының бірінші облыстық съезі өтеді. Съезде тұңғыш рет ұлттық автономия құру туралы идея айтылған.

Музейдің 36 мың қоры бар ғылыми кітапханасы  - семейліктердің мақтанышы. Онда сирек коллекция - Орыс Императорлық География қоғамы Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің ғылыми жазбалары, ХҮІІ ғасырдан басталатын сирек кітаптар, Орта Азия, Қытай, Ресей ғалымдарының еңбектері, Семей қаласының ХІХ-ХХ ғ.ғ. мерзімді басылымдары сақталған.

Музей ғимараты 1856 жылы салынған, бұрынғы генерал-губернатордың үйі, республикалық маңызы бар тарихи және сәулет ескерткіші болып табылады.

Бүгінгі күні музейдің 4 филиалы және 3 бөлімі бар:

Бас музей - Семей қаласы және оның бөлімі - Соғыс және еңбек даңқы музейі;

Филиалдар:

  • Аягөз қаласындағы филиал,
  • Қарауыл ауылындағы филиал (Абай ауданы) және оның бөлімі – Ақшоқы қорымындағы Құнанбай Өскенбайұлының музейі,
  • Үржар ауданындағы филиал (Үржар ауылы) және оның бөлімі – Қабанбай ауылындағы музей;
  • Ақсуат ауданындағы филиал (Көкжыра ауылы).

Музейдің жалпы аумағы – 3 936, 74 ш.м.

  1. Семей – 936,44 ш.м.: бас музей 836,2 ш.м., және оның бөлімі - Соғыс және еңбек даңқы музейі (Мәдениет сарайы ғимаратында) – 100,2 ш.м.
  2. Аягөз қаласындағы филиал – 554, 3 ш.м.:
  3. Үржар ауданындағы филиал 737,2 ш.м.: Үржар ауылындағы музей – 377,2 ш.м. және оның бөлімі – Қабанбай ауылындағы музей – 360 ш.м.
  4. Ақсуат ауданындағы филиал (Көкжыра ауылы): 1095 ш.м.;
  5. Абай ауданындағы филиал - 613,8 ш.м.: Қарауыл ауылындағы музей – 302 ш.м. және оның бөлімі – Ақшоқы қорымындағы Құнанбай Өскенбайұлының музейі - 311,8 ш.м.

Қор құрамы, жалпы саны: 137 868 сақтау бірлік: негізгі қор – 86 603 сақтау бірлік, ғылыми-қосылқы қор – 51 265 сақтау бірлік.

  1. Семей: негізгі қор - 82216, ғылыми-қосалқы қор - 41576;
  2. Аягөз қаласындағы филиал: негізгі қор - 918, ғылыми-қосалқы қор - 1800;
  3. Үржар ауданындағы филиал (Үржар ауылы) және оның бөлімі – Қабанбай ауылындағы музей: негізгі қор - 942, ғылыми-қосалқы қор - 3912;
  4. Көкжыра: негізгі қор - 1095;
  5. Қарауыл ауылындағы филиал (Абай ауданы)және оның бөлімі – Ақшоқы қорымындағы Құнанбай Өскенбайұлының музейі: негізгі қор - 1432, ғылыми-қосалқы қор - 3995.

ІІ. Абай облысы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі                  1985 жылы құрылған. 1988 жылы Невзоровтар отбасы (Юлий Владимирович, оның әйелі Антонина Михайловна және қызы Юлия Юльевна) музейге 500-ден астам орыс, кеңестік және шетелдік өнер туындыларын сыйға тартты. Бұл коллекция XIX ғасырдың ортасынан басталады. Ю.В. Невзоров әкесі мен атасынан мұраға қалған коллекцияны байытып, көбейтті. Көптеген жылдар бойы ол өзінің коллекциясын зерттеп, жүйелеп, барлық жинақталған мәліметтерді музейге тапсырды. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлкен үлес қосты. 1991 жылы музейге Невзоровтар отбасының аты берілді.

Музей ғимараты жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып табылады. Салынған жылы – 1870 жыл.

Музей қоры – 5602 сақтау бірлігін құрайды (негізгі қор – 5540 сақтау бірлігі, ғылыми-көмекші қор – 62).

ІІІ. Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды музейі 1971 жылы жазушының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында құрылды.

Музей ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып табылады. Салынған жылы: ХІХ ғасырдың ортасы.

Анықтама үшін: посткеңестік кеңістікте Ф.М. Достоевский атындағы 7 музей бар, оның ішінде 6 музей Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасында 1 орналасқан.             

Музейдің жалпы аумағы – 1 047,9 ш.м. Қоры – 27 504 сақтау бірлік (Негізгі қор – 19 987 сақтау бірлік, ғылыми-көмекші қор – 7 517 сақтау бірлік).

 

  1. IV. Ақсуат тарихи - өлкетану музейі

Музей 1986 жылы құрылған, Абай облысының Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында орналасқан.

Музей қоры – 5840 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде: негізгі қор – 2440 сақтау бірлігі, ғылыми-көмекші қор – 3400 сақтау бірлігі.

Документы
Ақпарат
14 июля 2026
Музей жұмысы бойынша ақпарат
Ақпарат
24 февраля 2026
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Музей бойынша ақпарат
Ақпарат
15 июля 2025
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
Абай облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі
Новости
Полезные материалы
Музейлер
Медиагалерея
1
Көне әмиянның сыры
События
03 апреля
Көрме
02 апреля
Көрме
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Мәдениет және өнер бөлімі
«Семей қаласының Ф. М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» КМҚК
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі» КМҚК
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы