Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Кітапханалар

Қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап бере отырып, Абай облысының кітапханалары қызметі ақпаратты сақтауға және беруге ғана емес, сонымен қатар оқу мен кітаптың қадір-қасиетін насихаттауға бағытталған. Облыс кітапханалары мәдени құндылықтардың таратылуын қамтамасыз ететін адамдардың шығармашылық әлеуетінің дамуына және жұмыс істеуіне ықпал етеді, дәстүрлерді нығайтады.

Кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту негізінде кітапханаларды жаңғырту үшін оңтайлы жағдайлар жасай отырып, қолданушылардың заманауи қажеттіліктеріне сәйкес келуге тырысады.

Кітапхана процестерін компьютерлендіру және автоматтандыру жалғасуда. Кітапханалармен Интернет желісіне қоғамдық қолжетімділік қамтамасыз етілген. Пайдаланушылардың электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Облыс кітапханаларының жұмысында жаңа технологияларды пайдалану оқырманға алуан түрлі қызметтерді алуға, пайдаланушылардың жаңа санаттарының назарын аударуға мүмкіндік береді.

 

Облыста 137 мемлекеттік кітапхана бар. Оның 1-і облыстық, 14-і қалалық, 121-і аудандық және ауылдық, 1-і зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана.    

2023 жыл бойынша кітапханалардағы кітап қоры 2 389 876 дананы құраса, оның 986 036 данасы мемлекеттік тілдегі кітаптар.

2024 жылдың бірінші жартыжылдықта кітапхана қоры 2 495462 дананы құрайды, оның 1054802 дана мемлекеттік тілде, балалар кітабы - 422059.

Облыс кітапханаларының қоры 2025 жылдың бірінші тоқсанында

2 405838 дана, оның ішінде 1008590 дана мемлекеттік тілде, балалар әдебиеті қоры-420917 дана.

2023 жылы кітап берілуі – 2412762.

2024 жылдың бірінші – 936043 дана кітап берілді.

2025 жылдың бірінші тоқсанында кітап беру 685139 дананы құрады.

2024 жылы «Абай облысындағы кітапханаларды жаңғырту» жобасы аясында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Кемелді қадам» қоғамдық қорының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna» АҚ компаниялар тобы – «Samruk-Kazyna Trust» қаржылық қолдауымен заманауи қоғамдық кеңістік ашылды. Жобаның жалпы сомасы 54,1 млн. теңгені құрады.

Анықтама үшін: Жаңартылған кеңістік «Оқу бөлмесі-коворкинг орталығы», «Балалар ойын клубы», «Инновациялық робототехника зертханасынан» тұрады. Бұл балаларға арналған кеңістіктер күрделі жөндеуден өтіп, жаңа заманауи жиһаздармен және техникалық құралдармен жабдықталды.

Сонымен қатар «Кемелді қадам» қоғамдық қоры зағип және нашар көретін азаматтарға Семей қаласында арнайы кітапхана ғимаратын салуды жоспарлап отыр.

«Абай жолы кітапханасы» атты бесжылдық жоба жүзеге асырылуда. Әдеби жоба өңіріміздің жазушы-ақындары мен өнер қайраткерлерінің түрлі жанрдағы, тақырыптағы шығармаларын қайта жарыққа шығарады. Жинақтың бірінші басылымында 16 кітап (жалпы таралымы 8000 дана) басылып шықты, биыл 20 автордың жалпы таралымы 10000 данамен жарық көруі жоспарлануда.

Документы
Ақпарат
14 июля 2026
2026 жыл бойынша ақпарат
Ақпарат
24 февраля 2026
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кітапхана бойынша ақпарат
Ақпарат
14 мая 2025
Кітапханалар
Новости
Полезные материалы
Кітапханалар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Мәдениет және өнер бөлімі
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы