
29.05.2023 жылы Бородулиха ауданы әкімі аппаратының жанындағы Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында ата-аналарға қатысты кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі өздерінің ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамау туралы материалдар қаралды, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларға қатысты ата-ана құқықтарын шектеу, айыру мүмкіндігі туралы ескертілді. Сондай-ақ, Бородулиха ауданының білім бөлімі мектептердің қоғамдық кеңесінің қатысуымен "жазғы демалыс-қауіпсіздік және құқықтық тәртіп"тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.