Петропавловка ауылы тұрғындарының бақташылармен жиыны өтті

Петропавловка ауылы тұрғындарының бақташылармен жиыны өтті

2023 жылғы 4 сәуір күні сағат 10:00-де Петропавловка ауылы тұрғындарының жиыны өтті. Күн тәртібінде үш сұрақ болды: 1. Мал жаю 2. Абаттандыру 3. Әр түрлі. Барлық мәселелер бойынша Петропавловка ауылдық округінің әкімі М. А. Жунусов сөз сөйледі. Малдың жайылымға шығу күні, бақташылар мен күн тәртібі белгіленді. Жайылым аумағы анықталды. Бақташылармен материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.

   Учаскелік инспектор А.Р. Жоломанов өз сөзінде аумақтардың тазалығы мен ауылды абаттандыру жане қаңғыбас мал мәселелеріне ерекше назар аударды.

  Сондай-ақ ауыл тұрғындарының алдында округ мал дәрігері М. Т. Базылбаев ауыл шаруашылығы жануарларының профилактикалық іс-шаралары бойынша түсіндірмелер жүргізді.

  Бір қатар ашық сұрақтар қалды. Кездесу қосымша 9 сәүір күні өткізу туралы шешім қабылданды