
Аудан әкімі А.А. Нұрғожин алда келе жатқан еліміздегі маңызды саяси науқан - 20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауына дайындық барысын көру мақсатында аудандағы бірнеше учаскелік сайлау комиссияларында болды.
Әрбір азаматтың конституциялық құқығы жүзеге асырылатын, қоғам үшін маңызды істе сайлау учаскелері заң талаптарына сай болуы маңызды. Барлық кандидаттар туралы толық ақпарат беріліп, ұйымдастырушылық жұмыстардың сапалы жүргізілуі, тұрғындардың ақпараттандырылуы, учаскелерде заң талаптарының қатаң сақталуы сайлаудың өз деңгейінде өтуінің негізгі факторы.
Біздің мақсатымыз әрбір азаматтың сайлауға қатысуына жағдай жасап, таңдау құқығын толық пайдаланып, өзі қалаған кандидатқа дауыс беруін қамтамасыз ету.