
2022 жылғы 15 тамызда Бородулиха ауданының әкімі А.А. Нургожин Петропавловка ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша көшпелі қабылдау өткізді.
Ауыл тұрғындары дәрігерлік амбулатория ғимаратына жөндеу жүргізу туралы сұрақ көтеріп, оған түсіндіру берілді.
Сондай-ақ округте «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан жол жөндеу және көшелерді жарықтандыру жұмыстарына қатысты сұрақтар қойылды.
Қабылдауға жол жөндеу жұмыстиарын жүргізіп жатқан мердігер компанияның басшысы да шақырылған. Тұрғындар көтерген сұраққа орай мердігерге жұмыстарың сапалы әрі уақытында аяқталуын қадағалау тапсырылды
Барлық сұраққа түсініктеме беріліп, округ әкімі мен құзыретті органдарға тиісті бақылау жүргізу тапсырылды.