Тұрғын секторындағы рейд

Тұрғын секторындағы рейд

Бородулиха ауданының ТЖБ мен Бородулиха ауылының 51-ӨСБ жеке құрамы мереке қарсаңында өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуды анықтау бойынша тұрғын секторларында рейд жүргіуде. Жоспардан тыс нұсқаудың себебі қайғылы статистика болып отыр. Соңғы уақытта ШҚО-да, әсіресе суықтың басталуымен жеке тұрғын секторларында өрттер саны көбейіп кетті. Олар негізінен жылыту пештерін дұрыс қолданбағандықтан болып отыр.

Мейрам кезінде адамдардың көңіл-күйлерін жабырқатпау мақсатында  Бородулиха ауданының ТЖБ мен 51-ӨСБ жеке құрамы Поднебесное ауылы, Жезкент кенті, Новая-Шульба уылы жяне басқада ауылдардың тұрғындарын аралап шығуды шешті.  Олар 800-ге жуық үйді қарап шықты. Өкінішке орай 20 % үйлерде дерлік өрт қауіпсіздік ережелерін бұзушылықтар табылды. Негізінен азаматтар ескі электр қондырғыларын қолданады және жылыту пештерін дұрыс қолданбайды. Әрбір тұрғынға ауызша ескертулер жасалды, сонымен қатар өрт қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтау жайында нұсқаулықтар айтылды.  

Көздерін жеткізу мақсатында олар өрт сөндірушілердің ескертулеріне немқұрайлы қарап, соның нәтижесінде қайғылы жағдайға ұшыраған адамдар жайлы бірқатар мысалдар келтірді.

Әсіресе жеке үйлерде тұратын азаматтардың назарын аударғымыз келеді. Егер өрт сөндірушілер сізге келмесе де, сақ болыңыздар және өз өміріңіз бен сіздерді қоршаған адамдардың тағдырлары үшін алаңдаңыз. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

- Жылыту пештері тексерілуі және жөнделуі қажет. Ақауы бар пештер мен басқа да жылыту құралдары қолдануға жіберілмейді.

- Пештер мен басқа да жылыту құралдары бекітілген ережеге сәйкес, жанатын құрылыстардан өртке қарсы бөлгіштер болуы керек, сонымен қатар пеш алдындағы темір сауыт күймеген, зақымдалмаған болуы керек, оның мөлшері 0,5м. х 0,7м. кем болмауы тиіс. (жанатын материалдардағы ағаш немесе басқа да едендер).

 - Пештер мен түтіндіктерді жылыту маусымының алдында тазарту керек, сонымен қатар жылыту маусымы кезеңінде үш айда бір рет тазарту қажет.

- пеш алдындағы сауытқа отынды, басқа да жанатын заттар мен материалдарды орналастыруға, қоюға;

- пешті жағуға жанармай, керосин, дизель отындарын және басқа да оңай жанатын сұйықтықтарды қолдануға;

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сонымен қатар оны жас балаларға қадағалауға қалдыруға;

Тыйым салынады.

Бородулиха ауданының ТЖБ
аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Е.Қ. Әділбаев