
Тазарту, абаттандыру және көгалдандыру айлығы аясында Петропавловка ауылдық округінде 2022 жылғы 22 сәуірде «Өз ағашыңды отырғыз» атты жалпы аудандық акциясы өтті. Іс-шараға әкімдік мамандары қатысты. Ауылдың орталық саябағында пирамидалық терек пен қарағай көшеттері отырғызылды. Акцияға қатысушылардың көңіл-күйі көтеріңкі, оған тамаша ауа райы ықпал етті. Көшеттер алдын-ала жоспарланған жерлерде отырғызылды.
Әр адам өз туған жерін мақтан етеді, қадір тұтады. Туған жерге қызмет ету - әрбір азаматтың игі арманы, мақсат - мүддесі. Болашақ ұрпақтар үшін үлгі болуға тиіс.