
Шелехово ауылында АТТ Алимбакирова Гульшаман Жуматаевнамен (ақпараттық-діни топ ) мүшелері "Қазіргі Қазақстандағы діни ағымдар"тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Әңгіменің мақсаты: Қазақстандағы діни ахуалдың қазіргі жағдайы туралы түсінік беру;
Осы тақырыпта кездесетін терминологияны, елдегі конфессиялық жағдайды бағалау критерийлерін түсіндіру, діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктердің қызметіне қатысты негізгі заңдарды және өзге де нормативтік - құқықтық актілерді білу;
Қазақстанның негізгі конфессияларына сипаттама беру, олардың арасындағы айырмашылықтарды айқындау қабілетін қалыптастыру; Әртүрлі діни конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайларын анықтау;
Әр түрлі конфессия өкілдеріне шыдамды қатынасты қалыптастыру; Экстремизмнің көріністеріне сыни көзқараспен қарап, оларға қарсы тұра білу.
Степной ауылдық округі әкімінің аппараты