Халықтың денсаулығына қамқорлық

Халықтың денсаулығына қамқорлық

Ағымдағы жылдың 16 маусымында Шелехово ауылында ауылдық округ тұрғындарына вакцинация жүргізілді. Кароновирустық инфекцияның (СOVID -19) алдын-алудың жалғыз тиімді әдісі вакцинация екенін түсіну керек. Вакцинация аурудың таралуын шектейді және сырқаттанушылық көрсеткіштерін, ең бастысы, халықтың өлімін едәуір төмендетеді. Вакцинацияны жалпы практика дәрігері Әсия Макуқызы Маманова, зертханашы медбике Гүлнар Әсенбайқызы Тоқтабаева және аға медбике Сайраш Разитқызы Мартаева жүргізді. Вакцина ерікті негізде жүргізілді. Вакцинациядан өткеннен кейін әрқайсымыз өзімізді, туыстарымызды және бізге жақын адамдарды кароновирустық инфекция ауруынан сақтаймыз. Біз балаларымыз бен немерелерімізді қорғауымыз керек.

Степной ауылдық округі әкімінің аппараты