
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Мерейлі отбасы "ұлттық конкурсы туралы" 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімін орындау үшін ауданда "Мерейлі отбасы"ұлттық конкурсының 1 кезеңі өтетінін хабарлаймыз.
Байқаудың мақсаты отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
Байқау үш кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – қалалық, екінші – облыстық, үшінші – ұлттық.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім келесі құжаттармен қоса қалалық комиссияға беріледі:
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде қалалық комиссияның төрағасы куәландырады.
Ұлттық конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар ауылдық округ әкімдіктерінде, сондай-ақ Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69, ішкі саясат бөлімінде өтінім бере алады, e.mail: ovpbor@mail.ru, Тел. 2-11-64 2021 жылғы 15 маусымға дейін.