
Аудан әкімі К.Бичуинов мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекелері күні ауданымыздың өнер саласында аянбай еңбек етіп жүрген тұлғаларды облыстық алғыс хаттармен марапаттады.
Кинугул Кашкенұлы ауданның барлық мәдениет және өнер қызметкерлеріне ұсынылған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ә.Мархабаттың алғыс хатын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы И.Бельскаяға табыстады.
Сондай-ақ облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен Новопокровка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Татьяна Поухова марапатталды.
Облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаттарына аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Ақәділ Карибжанов, аудандық достық үйінің әдіскері Әсия Мұхаметқазы, Жезкент кенттік кітапханасының кітапханашысы Гаухар Муздыбаева ие болды.
Осындай қиын індет кезіңінде ауданымызда мәдениет саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға берілген бағаларыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.