
Дмитриевка ауылдық округінде шағын және орта бизнес объектілеріне мониторинг жүргізу жалғастырылуда. Мақсаты –карантин жағдайында санитарлық нормаларды сақтау болып табылады. Сатушылар мен сатып алушыларға короновирустық инфекциядан сақтану шараларын үнемі сақтау жөнінде ұсыным жасаймыз. Мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша округтегі төрт дүкенде санитарлық норма бұзу анықталмады, бет перде тағу тәртібі сақталады.