
2021 жылғы 13 мамыр күні Жезкент кентінде терроризмге қарсы жаттығу өткізілуде.
Жаттығу барысында терроризмге осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.
Жезкент кентінің тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз.
Терроризмге қарсы Бородулиха аудандық жедел штаб.