Шығыс Қазақстанда «Шығыс – Адалдық алаңы» жобасы белсенді іске асырылуда, оның негізгі басымдығы азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту және осы құбылысты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру болып табылады. Жобаны іске асыру аясында бүкіл қоғамды осы процеске тарта отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың нақты тетіктерін енгізу жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесінің элементтерінің бірі ретінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - еліміздің барлық азаматтарының ісі.
«Бородулиха – адалдық алаңы» сервистік әкімдігі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, наықтау және жолын кесу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимылдың формаларын, әдістері мен құралдарын оңтайландыру, азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыс істейді.
«Бородулиха - адалдық алаңы» жобасы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерін және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оның барлық формаларын түп тамырымен жоюға, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін қоғамда оның көріністеріне төзбеушілікті тәрбиелеуге бағытталған.
«Шығыс-Адалдық алаңы» жобасы аясында аясында аудан әкімі аппаратының ғимаратында «Бородулиха-адалдық алаңы» фронт-кеңсесі жұмыс істейді, оның қызмет бағыты: білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, құрылыс және ТКШ салаларындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін шешуге бағытталған.
Халықтық құқықтық сауаттылығын арттыру үшін 2020 жылдың маусымынан бастап «Адал көмек» жүзеге асырылуда, жоба аясында мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен тікелей эфирлер өткізіледі. Бекітілген кестеге сәйкес, апта сайын сәрсенбі күні Instagram әлеуметтік желісі арқылы 16 тікелей эфир өткізіліп, жалпы саны 3657 адам қамтылды. Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын сіңіру және мемлекеттік билік институттарына сенімді арттыру мақсатында Instagram, Фейсбук ресми сайттары мен мессенджерлерінде 48 жарияланым орналастырылды.
«Бородулиха - адалдық алаңы» сервистік әкімдігінің негізгі мақсаты –қызметі қоғамда мемлекеттік қызметтік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін және нығайтуға бағытталған мәдениетті қалыптастыру. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті, оны көпшілік алдында айыптау болмаса, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - барлық мемлекеттік органдар жұмысының маңызды бағыты. Бірақ, егер жұртшылық тартылмаса, парақорлық, жеке мүдделерді қолдау, қызмет бабын теріс пайдалану себептерін жоюмен айналыспаса, бұл мәселені шешу мүмкін емес. «Бородулиха– Адалдық алаңы» жобасы сыбайлас жемқорлықтың жүйелі себептерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға жұртшылық пен сарапшыларды тарту арқылы жұмыс істейді.
«Шығыс-Адалдық алаңы» кеңселік жобасына жауапты маман Д. Сапина