Меню

Страницы

Статья

2024 жылы жүзеге асырылған және 2025 жылға жоспарланған жобалар бойынша аудан әкімінің тезистері

Құрметті Берік Уәлиұлы!

 

Сізге Бородулиха ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беруге рұқсат етіңіз.

Бородулиха ауданы – облыстың ірі агроөнеркәсіптік аудандарының бірі. Жалпы жер аумағы 698 мың га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 475,5 мың га (оның ішінде, егістік – 356,4 мың га, жайылым – 105,8 мың га, шабындық – 8,2 га).

 

Ауыл шаруашылығы

Бородулиха ауданы өсімдік шаруашылығы басым дамыған ауыл шаруашылығы ауданы, сондай-ақ мал шаруашылығы да өркендеуде.

Өсімдік шаруашылығы – 65%, мал шаруашылығы – 35%, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі (НКИ) – 85% құрайды.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 161,7 мың га, оның ішінде майлы дақылдар 149,6 мың га жерге егілді.

 

Ауыл шаруашылығын қаржыландыру

2024 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 602,7 млн теңге көлемінде несие берілді.

Сонымен қатар, 1,1 млрд теңгеге тұқым бойынша субсидияға өтінімдер қабылданды, гербицидтер бойынша 420,6 млн теңге, оның 192,6 млн теңгесі төленді, 228 млн теңге резервте қалды.

Анықтама: 2024 жылы ауданның ауыл шаруашылығы өндірушілері 22,6 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алып, топыраққа енгізді. Оның ішінде: (9,5 мың тонна сұйық тыңайтқыш, 13,6 мың тонна қатты тыңайтқыш).

Минералды тыңайтқыштарды субсидиялау көлемі 403,6 млн теңгені құрады, оның 165,4 млн теңгесі төленді, 238,2 млн теңге резервте.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес, тұқым бойынша субсидиялар төленді, тыңайтқыштарға төлем сәуірде, гербицидтерге төлем мамырда жүргізіледі.

2024 жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары 10,8 млрд теңгеге 521 дана техника мен жабдық сатып алды. Оның ішінде: 69 дана әртүрлі модификациядағы трактор, 6 дана себу кешені, 31 дана астық жинайтын комбайн, 10 дана дәлдеп тұқым сепкіш, 405 дана басқа да ауыл шаруашылығы техникасы.

 

Мал шаруашылығы

Соңғы жылдары ауданда мал мен құс санының, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемінің аздап өсуі байқалады. Мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының саны артты. Қазіргі таңда 45 ауыл шаруашылығы құрылымы мал өсірумен айналысады, жалпы мал басы 7 785 бас. Көпшілігі 25-тен 100 басқа дейінгі малы бар шағын шаруашылықтар.

Анықтама: 4 асыл тұқымды шаруашылық, 3 сүт бағытындағы, 1 ет бағытындағы, 3 ара шаруашылығы бар. Ірі қара малдың тұқымын асылдандыру жұмыстарымен 2 шаруашылық айналысады. Сүт жинау жүйесіне 8 ауылдық округ қамтылған, ал тұрғындардан сүт жинауды 3 сүт қабылдау пункті жүзеге асырады.

2025 жылы 3,5 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған:

  1. Астық сақтау кешенінің сыйымдылығын 28 мың тоннадан 36 мың тоннаға дейін ұлғайту және тұқым өңдеу желісін іске қосу. Орналасқан жері: Новая Шульба ауылы «Красный партизан» ЖШС.

Жоба құны: 1,1 млрд теңге. Аяқталу мерзімі: 2025 жылдың соңына дейін.

  1. 2. «Семей Агро Инвест» ЖШС-де күнбағысты өңдеу және өсімдік майын өндіру цехын ашу.

Жоба құны: 2,4 млрд теңге. Өндірістік қуаты: жылына 25 мың тонна. Жобаны аяқтау 2027 жылға жоспарланған.

 

Автожолдарды жөндеу

2024 жылы аудан аумағында 1 млрд теңгеге 8,5 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Анықтама: 2 жоба бойынша жөндеу жұмыстарының жалпы құны 1,04 млрд теңге:

- «Бородулиха – Пол-Лог» жолының 0 - 5,5 км учаскесін орташа жөндеу – 340 млн теңге.

- Жезкент кентіне кіреберіс жолдың 3 км учаскесін орташа жөндеу – 150 млн теңге.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында атқарылған жұмыстар

Аталған жоба аясында 384 млн теңгеге 11 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде:

- 4 футбол алаңы (35,7 млн теңге) – Камышенка, Жерновка, Новая Шульба, Дмитриевка ауылдарында;

- Жерновка ауылында - 1 хоккей корты;

- Ивановка ауылында - 1 воркаут алаңы;

2 жоба бойынша орташа жөндеу жұмыстары: Новая Шульба ауылында 6,65 км жолды жөндеу – 161,7 млн теңге; Камышенка ауылында 1,5 км жолды жөндеу – 29,8 млн теңге.

- 3 жоба аясында 403 көше шамын орнату – 42 млн теңге: (Белағаш ауылында 164 шам – 22 млн теңге; Зенковка ауылында 71 шам – 10 млн теңге; Камышенка ауылында 168 шам – 32 млн теңге.)

 

 

 

Сумен жабдықтау

Березовка қосалқы шаруашылығында жалпы ұзындығы 3,8 км болатын ішкі су құбырларын салу жобасы аяқталды.

Жылумен жабдықтаудың өтпелі нысандары

Новая Шульба ауылында 98,9 млн теңгеге блокты-модульді қазандықтың құрылысы жүргізілуде. Орындалған жұмыс көлемі – 80%.

158,2 млн теңгеге жылу желілерін салу жұмыстары жүргізілуде. Орындалған жұмыс көлемі – 70%.

Анықтама: Аталған нысандар өзара байланысты және Новая Шульба ауылының қоғамдық ғимараттарын жылумен қамтамасыз етуі тиіс, олар:

Комаров атындағы орта мектеп, балалар үйі, дәрігерлік амбулатория, Мәдениет үйі, ауылдық әкімдік ғимараты.

 

Көркейту жұмыстары

Бородулиха ауылында 47 бейнебақылау камерасы орнатылды, жалпы құны – 25 млн теңге.

Орман өртін сөндіру кезінде қаза тапқан батырларға арналған еске алу саябағы ашылды. Жобаның жалпы құны – 50 млн теңге.

4 ауылда жалпы ұзындығы 12,2 км болатын көшелерді ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, жалпы құны – 140 млн теңге.

        Анықтама: Белағаш ауылында – 46,5 млн теңге, Новопокровка ауылында – 34 млн теңге, Шелехово ауылында – 25,4 млн теңге, Бородулиха ауылында – 33,8 млн теңге.

Сонымен қатар, ауданы 3 мың ш.м. 17 екі пәтерлі үй салынды, 34 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Анықтама: Бородулиха ауылында – 10 үй, Михайличенково ауылында – 2 үй, Новопокровка ауылында – 5 үй. Қазіргі уақытта тұрғын үй алу кезегінде 5 санат бойынша 464 адам тұр.

 

 

Денсаулық сақтау

 «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 836 млн теңгеге 3 жоба жүзеге асырылды: (Успенка ауылында 221 млн теңгеге медициналық пункт (МП); Аул ауылында 188 млн теңгеге фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП); Новая Шульба ауылында 426 млн теңгеге дәрігерлік амбулатория (ДА).

Анықтама: Жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру 72 млн теңгені құрады.

 

Білім беру

12 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 7 пәндік кабинет сатып алынды. Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру жобасы аясында Бородулиха ауылындағы                                 Ә. Бөкейхан атындағы қазақ мектебі жаңғыртылды. Мектеп 30-дан астам заманауи оқу және зертханалық жабдықтармен жабдықталған кабинеттермен қамтамасыз етілді.

 

2025 жылға жоспарланған жобалар

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында құны 263 млн теңгеге 2 жоба жоспарланған: (Песчанка ауылында 5 көшені орташа жөндеу – 135,8 млн теңге; Зенковка ауылында 5 көшені орташа жөндеу – 127,7 млн теңге.)

Переменовка ауылында 313,2 млн теңгеге су құбырлары желісін салу жоспарланған.

 

 Көркейту жұмыстары

Аудандық маңызы бар 2 автомобиль жолын орташа жөндеу –      құны 1 млрд теңге, жалпы ұзындығы 18 км: («Новопокровка – Белағаш» (0 – 10 км) – 564,9 млн теңге; «Бородулиха – Жерновка» (5,5 – 13,5 км) – 413,5 млн теңге.)

4 елді мекенде құны 230 млн теңгеге 20-дан астам көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Анықтама: Бородулиха ауылында – 9 көше; Новопокровка ауылында – 5 көше; Новая Шульба ауылында – 5 көше; Зубаир ауылында – 4 көше.

3 елді мекенде 55 млн теңгеге көше жарығын орнату: (Бородулиха ауылында – 10,9 млн теңге; Буркотово ауылында – 6,2 млн теңге; Песчанка ауылында – 38,5 млн теңге).

 

Ғимараттарды жөндеу

Новопокровка ауылындағы Мәдениет үйіне және Березовка қосалқы шаруашылығындағы ауылдық клубқа 7,4 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

415 млн теңгеге 2 мәдени нысанның құрылысы жоспарланған:

- Камышенка ауылында 100 орындық ауылдық клуб салу – 210 млн теңге.

- Петропавловка ауылында спорттық-мәдени орталық салу – 205 млн теңге.

4 елді мекенде 110 млн теңгеге шағын футбол алаңдары мен спорттық кешендер салу.

Анықтама:

- Петропавловка және Песчанка ауылдарында 52,1 млн теңгеге шағын футбол алаңдарын салу.

- Дмитриевка ауылында 30,4 млн теңгеге балалар алаңын және спорт алаңын орнату.

- Березовка ауылында 28,3 млн теңгеге балалар алаңын орнату.

 

Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рақмет!

 

 

Дата публикации
29 апреля 2025
Дата обновления
29 апреля 2025
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
22 сентября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
13 мая 2025
Қоғамдық кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы