2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік–экономикалық көрсеткіштерімен және атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Аудан әкімдігінің қызметі аудан экономикасын одан әрі нығайтуға, әлеуметтік саланы дамытуға, мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыруға бағытталған, оның негізінде – қазақстандықтардың өмірін жақсарту жатыр.
Осы аптада мен ауданның барлық ауылдық және кенттік округтерінде халық алдында есеп беру кездесулерін аяқтадым. Кездесуде Бородулиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы ғана емес, атқарылған жұмыстардың нәтижелері, болашақ жоспарлары мен 2024 жылға арналған міндеттері талқыланды. Сонымен қатар, кездесуде абаттандыру, жарықтандыру, кентішілік жолдардың тозуы сияқты проблемалық мәселелер айтылды, олардың барлығы бақылауға қойылды, шешу жолдары мен нақты мерзімдері анықталды.