Меню

Страницы

Статья

Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындары!

Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №13-13-VIII Бородулиха аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің негізінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек келесі жағдайларда көрсетілетінін хабарлайды:

1) Азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи апат салдарынан зиян келген жағдайда – біржолғы, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, 100 АЕК артық емес мөлшерінде.

2) Азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне өрт салдарынан зиян келген жағдайда – біржолғы, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, 100 АЕК артық емес мөлшерінде.

3) Әлеуметтік маңызы бар ауру болған жағдайда (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына сәйкес) – жылына бір рет, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, 7 АЕК мөлшерінде.

4) Амбулаториялық ем қабылдап жатқан туберкулезбен ауыратын адамдарға – ай сайын, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, 7 АЕК мөлшерінде.

5) Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі адам иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған балаларға (ата-анасының біріне немесе заңды өкіліне) – ай сайын, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, 7 АЕК мөлшерінде.

6) Жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табыстың ең төменгі күнкөріс деңгейіне бір реттік шаманың шегінен аспайтын – біржолғы, 7 АЕК мөлшерінде.

7) Жетімдік немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалу жағдайында – біржолғы, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, 7 АЕК мөлшерінде.

8) Қарттық жасына байланысты өз-өзіне күтім жасау қабілетінен айырылған жағдайда – біржолғы, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, 7 АЕК мөлшерінде.

9) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға – біржолғы, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, 7 АЕК мөлшерінде.

Әлеуметтік көмектің мөлшері мен қажеттілігін арнайы комиссия анықтайды. Комиссия шешімі тиісті қорытындымен рәсімделеді.

Қосымша ақпаратты және құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша кеңес алу үшін Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, 25-үй, тел:            2-14-47 мекенжай бойынша хабарласуыңызға болады.

Дата публикации
27 февраля 2025
Дата обновления
11 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
22 сентября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
13 мая 2025
Қоғамдық кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы