Меню

Страницы

Статья

Жер қатынастары

Бородулиха ауданының аумағы 698992,0 га құрайды. Нысаналы мақсатына қарай ауданның барлық жер қоры келесі санаттар бойынша бөлінеді:

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер-475488 га

Елді мекендердің (қалалардың, кенттер және ауылдық елді мекендердің) жерлері-96425 га

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметінің, қорғаныстың, ұлттық қауіпсіздіктің мұқтажы үшін және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер-4857,6 га

Ерекше қорғалатын жерлер-99383 га

Су қорының жерлері – 10357 га

Босалқы жерлер - 12481 га

 

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЖК) нормаларына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы                          1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы                      № 39/Н бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдар 12 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

  1. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
  2. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
  3. Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;
  4. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;
  5. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  6. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
  7. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  8. Бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
  9. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату.
  10. Жер учаскесін алуға кезекке қою;
  11. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту;
  12. Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы.

          Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

          Құзыреті шеңберінде Бөлім келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

          1.Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

Дата публикации
25 февраля 2025
Дата обновления
25 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
22 сентября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
13 мая 2025
Қоғамдық кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы