Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшінің этикасы

«100 нақты қадам» ұлт жоспарының 12-қадамын іске асыру шеңберінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және әрбір мемлекеттік қызметші басшылыққа алуға тиіс әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже әзірленіп, бекітілді.

Егер бұрын мемлекеттік қызметші өз жұмысында мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексіне және қызметтік этиканың ведомстволық ережелеріне сүйенген болса, енді бекітілген Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарының бірыңғай жиынтығын қамтиды.

Мемлекеттік қызметшілер қоғам алдында мемлекеттің бет-бейнесі болып табылатындықтан, бұл Әдеп кодексі, ең алдымен, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған және онда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, сондай-ақ көпшілік алдында, оның ішінде тікелей бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу айқындалған.

Қоғамдық пікірдің көрсеткіштерінің бірі олардың қызметтен тыс уақыттағы, оның ішінде қоғамдық орындардағы мінез-құлқы екені жасырын емес.

Осыған байланысты, қызметтік этиканың жаңа қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін мас күйде болуға жол бермеуге, қарапайымдылық танытуға, тиісті қызметтерді алу барысында өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға тиіс, өз тарапынан қоғамдық адамгершілікке, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғумен ұштасатын заңнама талаптарын бұзуға жол бермеу, басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттер жасауға тартпауға тиіс.

Этикалық кодекс жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларының басқа жақтарын да қамтиды. Сонымен, Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметші мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі керек, ресми, ұстамдылық пен жинақылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуі керек, яғни, қызметкердің киімі оның іскерлік қасиеттерінен көңілін алаң еткізбеуі керек.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтау саласындағы заңнаманың жаңалығының бірі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (Әдеп кодексімен бір мезгілде) бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже болды.

          Әдеп жөніндегі уәкіл - мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес басқа да функцияларды қарайды.

 

 

 

Бородулиха ауданының әдеп жөніндегі уәкілі                                                                             А. Кубаева

 

Дата публикации
10 октября 2023
Дата обновления
10 октября 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
22 сентября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ақпарат
13 мая 2025
Қоғамдық кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы